Ақмола облысының әкімі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.

Өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық даму туралы айтып, өңірдің басым салаларын таныстырды.

–Президенттік кадрлық резерв форумында Мемлекет басшысы дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту қажеттігін атап өтті. Сіздердің әрқайсыларыңыз іріктеуден өтіп, облыстың дамуына өз үлесін қоса алатын лайықты кандидатура болатынына сенемін, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Кездесу барысында М.Ахметжанов өңірдегі кадрларға қажеттілік пен еңбек жағдайлары туралы айтты.

–Біз облыстың атқарушы органдарына білімді және патриоттық жастарды тартуға тырысамыз. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында жұмыс жоғары білікті мемлекеттік қызметшілер үшін мансаптық өсуді қамтамасыз ету басымдығымен адалдық пен адамгершілік қағидаттарына негізделген, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде резервшілер облыстағы еңбек жағдайлары мен бос жұмыс орындары туралы сұрақтар көтерді. Сондай-ақ, олар іс-шараның өнімділігі мен ақпараттылығын атап өтті.

–Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет. Сіз – еліміздің резервшілерін жинаған облыстың бірінші әкімісіз, – деді Президенттік кадр резервінің мүшелері.

Айта кетейік, қазір Ақмола облысына екі резервшіні жұмысқа орналастыру қарастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, жаңа буын басқарушылары формациясының өкілдеріне табыс тіледі.

Президенттің жастар резерві бастамасын қолдау мақсатында Ақмола облысында ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, онда мемлекеттік органдарда жұмыс істеу үшін инновациялық ойлы жас көшбасшылар тобы құрылады.

Ақмола облысы əкімінің баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар