Алғыс айтамыз

Ардақты жар, асқар таудай әкеміз Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұлдың дүниеден өтуіне орай, қайғымызға ортақтасып, осы бір ауыр сәтте  материалдық және моральдық көмек-қолдау көрсеткен Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановқа, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайсаға, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміреноваға,  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Аянұлы Алинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігіне, Ақмола облысының ардагерлер Кеңесіне, қалалық және аудандық ардагерлер Кеңестеріне және қалың жұртшылыққа, барша жанашыр жандарға әулетіміздің атынан шынайы көңілмен ризашылығымызды білдіреміз.

Әрқашан аман-есен болып, Алла алдарыңыздан жарылқап, жақсылық, қызық-қуанышпен жүрулеріңізге жазсын!

Құрметпен, зайыбы Күлзағила мен балалары. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар