Ақмола облыстық мәслихатында экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, депутат Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен Атбасар, Сандықтау және Зеренді аудандары бойынша 2023 жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылуы және облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларының орындалу барысына байланысты аудан әкімдері онлайн байланыс арқылы баяндама жасап, ел қалаулылары алдында есеп берді.
Алғашқылардың бірі болып Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов баяндама жасады. Ол өз есебінде аудан бюджеті шығыстар бойынша 99 пайызға орындалғанын және жоспар бойынша 10 миллиард 345 миллион теңге қарастырылғанын, оның ішінде игерілмегені 107 миллион теңгені құрап отырғандығын жеткізді. Аудан басшысы игерілмеген қаражаттың себебін жобаны түзетуге, сот ісін жүргізуге, тауарды жеткізуге байланысты екендігін түсіндірді. Ал, облыстың даму жоспарына келетін болсақ, Атбасар ауданы бойынша 2023 жылы 61 нысаналы индикаторға қолжеткізіліпті, орындауда 9 индикатор, жетеуі орындалмаған.
Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков болса, бюджеттің кіріс бөлігі 108,8 пайызға, шығыс бөлігі 99,9 пайызға атқарылғанын баяндады. Жоспарбойынша 4 005 175,4 мың теңге қарастырылған болатын, 2 миллион 223 мыңтеңге игерілмеген. Соманың көп бөлігі мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеуге тиесілі екен. Ақмола облысының Даму жоспарында Сандықтау ауданыбойынша 73 нысаналы индикатор көзделген, 49-ына қол жеткізілді, 12-сі орындалуда, 12 индикатор орындалмаған.
Ал, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Қанат Жүсіповтің ақпаратына сүйенсек, 2023 жылдың бюджеті 7 690 683,5 мың теңгені құрады. Шығыс бөлігінің орындалуы 99,2 пайыз көлемінде, игерілмеген қаражат көлемі 63,5 миллион теңге. Көп жағдайда игерілмеу мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің, мердігер компаниялардың жұмыстарды жүргізу мерзімдерін уақытылы орындамауына байланысты. Зеренді ауданы бойынша облыстық даму бағдарламасында 2023 жылға орындау үшін 73 нысаналы индикатор көзделген. 2024 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша 55 позиция бойынша жоспарлы индикторларға қол жеткізу байқалады, 9 индиктор орындалмаған, 9 позиция бойынша статистикалық деректер әлі қалыптаспаған.
Күн тәртібін талқылау қорытындысы бойынша облыстың барлық үш ауданына депутаттар мен Тексеру комиссиясының мүшелері нақты ұсыныстар беріп, өзекті мәселелерге байланысты көкейтесті сұрақтарды алға тартып, нақты ұсыныстар айтып, жекелеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мерзімдері нақтыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.