Өңірлік даму жоспарларының орындалуының кілтипаны көп

Жуырда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында Көкшетау, Степногорск қалаларын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары және өткен жылдың бюджеттерінің атқарылуы туралытыңдау болып өтті. Онда аталған қалалардың әкімдері Бауыржан Ғайса және Алпысбай Қайыржанов есеп берді. 

Тыңдауға Ақмола облысы мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов, облыстық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссиялардың мүшелері қатысты. Көкшетау қаласының 2023 жылға арналған өңірлік даму стратегиялық жоспарында жетпіс тоғыз нысаналы индикаторды орындау көзделсе, оның елу сегізі немесе 73,4 пайызы орындалған. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың үлесі жеті пайызға кем болған. Оның себебін түсіндіріп, «атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың отыз пайыздан астамы үш жасқа дейінгі баласы бар аналар мен 1 және 2 топтағы мүгедектер, қарт адамдарды күтушілер», – деді қала әкімі.

Тағы бір жүзеге аспаған индикатор «Азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі». Жоспар бойынша 1,6 миллиард теңге болуы керек инвестицияның 800 миллионы ғана тартылған.Орындалмауының басты себептері, «QAZAQ FOOD MARKET» жарма өндіру зауытының және «AGROFIDELITY» макарон өнімдерін шығаратын толық циклді өндірістік кешенінің құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың 2024 жылға шегерілуі болған. Оған қоса, «Кәсіпкерлердің өсуін жеделдету» аясында өткен жылға арналған өтеусіз гранттар 20 адамға ғана берілген.

– Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, бағдарламалық құжаттың орындалу сапасы жыл сайын жақсарып келе жатқанын атап өткім келеді. Ал, биылғы жылы жоспарда көзделген нысаналы индикаторларды сапалы әрі уақытылы орындауға бағытталған жұмыстар жалғасын табады, – деді Бауыржан Ғайса сөз соңында.

Айта кетейік, өткен жылға арналған қала бюджетінің көлемі 69 миллиард болса, 763 милион теңге игерілмеген. Оның, 39,4 миллионын жинақжәне талап етілмеген қаражат құраса, міндеттемелер 723 миллион теңге. Қаржының игерілмеу себебін шаһар басшысы мердігерлердің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы жұмыс көлемін аяқтамауымен түсіндірді.

Тыңдау барысында Степногорск қаласының 2023 жылға арналған қала бюджетінің атқарылу қорытындылары туралы есеп берілді. Қала бойынша бөлінген қаражататтың 68 миллион теңгесі игерілмеген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елу беснысаналы индикаторға қол жеткізілсе, 10-ы орындалу барысында, он екі индикаторға қол жеткізілмеген. Олардың басым бөлігін «Мықты экономика» бағыты құраған. Себебі, негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты өсуі 20,6 пайызға кем болған. Осы сияқты, ауыл шаруашылығы өнімі, субсидиялау, инвестиция тарту, өндіріс, құс етін өндіру қатарлы салаларда орындалмау анықталған. Сондай-ақ, азық-түлік өндірісінен негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,6 миллард теңгеге жоспарланса, ол көрсеткіш мүлде орындалмаған. Соған байланысты қабылданған шаралар түсіндіріліп, «Өндіріске инвестиция тарту үшін «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» сияқты акционерлік қоғамдардан екі жүзден астам адамды қамтитын кәсіпкерлер,қаржы институттарының өкілдерін шақырумен қаланың бизнес қауымдастығымен жобаларды бастау және ұйымдастыру бойынша форумдар өткізілуде. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз, – деп сендірді өз сөзінде Алпысбай Қайыржанов.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар