Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының прокуратурасы балалар қауіпсіздігін қамтамассыз ету аясында «URPAQ/ПОКОЛЕНИЕ» жобасын жүзеге асыруда - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының прокуратурасы балалар қауіпсіздігін қамтамассыз ету аясында «URPAQ/ПОКОЛЕНИЕ» жобасын жүзеге асыруда

Жоба аясында Телеграм мессенджерінде аттас «URPAQ» боты құрылды.
Телеграм-бот-балалардың құқықтарының бұзылуы және оларға жедел ден қою, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде балалар жарақаттануының алдын алу, психологиялық және консультациялық көмек көрсету туралы мәліметтер жинауға арналған автоматтандырылған жүйе.

Телеграм-боттың функционалдығы кез келген форматта (фото, аудио, видео,Word) келіп түскен хабарламаларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде жұмыс істеген сәттен бастап а.ж. 15 қаңтардан бастап 200-ден астам хабарлама келіп түсті (буллинг, құқыққа қарсы іс-қимыл, психологиялық көмек, қауіп-қатер және т.б.), олар бойынша бір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 30 адам жауапқа тартылды, мектеп қабырғасында қорқытудың екі фактісі (адамдар есепке қойылды), оқушылар арасындағы жарақат және суицидтік көңіл-күй алдын алынды.

2024 жылғы 25 қаңтарда Көкшетау қаласының қолайсыз отбасыларының бірінде есірткі заттарын жүйелі қолдану туралы хабарлама келіп түсті.
Прокуратура қызметкері шығып, хабарламаны тексергеннен кейін үйдегі балалар ойыншық кесесінен марихуана табылды.
ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кез келген азамат балалардың қауіпсіздігіне әсер ететін мәліметтерді жібере алады.
Ботты құрудың мақсаттарының бірі-отбасы институтына баланы тәрбиелеудің қарапайым ережелерін енгізу, отбасымен әрі қарай жұмыс істеу және әл-ауқат паспортын жасау.

Ботты пайдаланудың қарапайым және ыңғайлы тәсілі қажетті қызметтердің спектрін қиындықсыз алуға мүмкіндік береді.
Ботқа сілтеме @_BALA_QUTQARU_BOT немесе QR коды арқылы өтуге болады.

Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар