Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті әйелдер және қыз-келіншектер қауымы!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тамаша күн көктемнің нағыз айшықты мерекесіне айналды. Бұл күні бәріміз сүйікті де аяулы аналарымызға, әжелерімізге, сүйікті жарларымызға, қымбатты да сүйкімді апаларымыз бен қыздарымызға  тәнті болып, алғыс айтамыз.

Сіздер бүгінде экономиканың сан алуан салаларында табысты еңбек етіп, өңірдің дамуына зор үлес қосып, экономика мен бизнесте, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, білім мен денсаулық сақтау саласында, мәдениет пен спортта толағай табыстарға қол жеткізіп келесіздер. Сонымен бірге, сіздер үй шаруасында да керемет қырларыңызбен танылып, отбасы ажарын келтіріп, ер азаматтардың жағдайын жасауда ең бір жоғары бағаға ие болған жансыздар.

Сіздердің арқаларыңызда өңіріміздің және бүкіл еліміздің дамуына бағытталған ең маңызды идеялар мен әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.Сіздердің отбасы мен қоғам игілігі жолындағы күнделікті адал еңбектеріңіз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен бизнеске деген оң көзқарастарыңыз өңіріміздегі барлық көз қуантар жетістіктердің түп-негізіне айналды.

Сіздердің әрқайсыңыз мейірімділік пен батылдықтың, сұлулық пен ақыл-парасаттың, нәзіктік пен табандылықтың үлгісі деп айтуға тұрарлық кәсіп пен өмір иесісіздер. Көктемнің осы бір шуақты күнінде Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасы амандығын, ұзақ ғұмыр, жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

***

Қымбатты  әйелдер және қыз-келіншектер қауымы!

Депутаттық корпус атынан Сіздерді ең жарқын және әдемі мереке –Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

8 наурыз сұлулықты, жақсылық пен сүйіспеншілікті бейнелейді, адамзаттың әдемі жартысына деген жылы сезімдерімізді ерекше түрде білдіруге, әйелдердің мемлекет пен қоғам өміріндегі, рухани және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы ерекше маңызды рөлін атап өтуге мүмкіндік береді.

Отбасы институтын, көп балалы аналарды, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, гендерлік теңгерімді қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларды отбасылық-тұрмыстық  зорлық-зомбылықтан қорғау – Ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп келе жатқан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтары.

Мемлекеттің жүйелі қолдауының арқасында әйелдердің экономикаға, саясатқа, қоғамдық қызметке қатысуы дәйекті түрде кеңейіп келеді. Ақмола облысында бүгінде әрбір әйел өзінің шығармашылық және кәсіби әлеуетін аша алуы үшін барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады. Біздің әйелдердің белсенді азаматтық ұстанымының арқасында бүгінгі таңда көптеген өзекті мәселелер ойдағыдай шешілуде, өңір әртүрлі салаларда биіктерге жетуде.

Қымбатты әйелдер, шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық-саулық, барлық тілектеріңіздің орындалуын тілеймін! Әрқашан жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілігі мен қамқорлығына бөлене беріңіздер, өмірлеріңіз тек жарқын және қуанышты оқиғаларға толы болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар