Бүгін азаматтарды бірыңғай қабылдау орталығында облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке қабылдады.
Кездесу барысында ақмолалықтар тұрғын үй саласына, жер учаскелерін беруге, абаттандыруға қатысты мәселелерді айтты.
Көкшетау қаласының тұрғыны Әйгерім Станбекқызы пәтерді жекешелендіру мәселесімен жүгінді.
Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаның айтуынша өтініш білдірушінің әжесі қайтыс болғаннан кейін немересі Әйгерім Станбекқызымен жалдау шарты қайта жасалды. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының» 23-тармағына сәйкес: тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйдің құнын он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлей алады. Тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеу кестесі, шарттары мен мерзімдері тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бұл ретте, тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғын үй құнының кемінде отыз пайызы мөлшерінде бастапқы жарна енгізетініне түсіндірді.
Одан әрі Көкшетау қаласындағы скверді абаттандыруға қатысты мәселе бойынша тұрғын Виталий Медведев жүгінді.
Өңір басшысы қала әкімі Бауыржан Ғайсаға бұл мәселені бақылауға алып, көмек көрсетуді тапсырды.
Өз кезегінде Марат Ахметжанов тұрғындардың проблемаларын тыңдап, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріліп, мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Проблемалық мәселелерді шешу барысы оның жеке бақылауына алынды.
Дереккөз: www.gov.kz