Орал қаласында өткен «Жан әуені» халықаралық байқауынан «Көкше» мәдениет сарайының «Ритм» халықтық би ансамблі жеңіспен оралды.
Хореограф Наталья Горовая басқаратын балалар би ұжымы бірінші дәрежелі лауреат атағына ие болды. Ол 5 пен 18 жасаралығындағы балалар қатысатын бес би тобын билеуге үйретеді. Ансамбль репертуарында халықтық, классикалық және эстрадалық билер бар.
Көркемөнерпаздар ұжымы ауданның елдімекендеріне гастрольдермен жиі барады. Сондай-ақ, облыстық, қалалық фестивальдар мен халық шығармашылығы конкурстарының тұрақты қатысушысы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.