Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Наурызнама онкүндігі» - АРҚА АЖАРЫ

«Наурызнама онкүндігі»

Наурыз мейрамы – ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын бейнелейтін басты мерекелеріміздің бірі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин мен мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың қатысуымен наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шаралар туралы брифинг өткізілді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұған дейін талай мәрте Наурыз мерекесінің форматын жаңғырту қажеттігін атап өткен болатын. Ақмола облысында Наурыз мерекесіне орай,5000-нан астам түрлі іс-шаралар өткізіледі. Наурыз мерекесіне елді мекендерді безендіру шаралары аясында облыс көлемінде 300-ден аса баннер, 500-ден астам пилондар және 1,5 мың безендірудің басқа түрлерінің орналастырылуы жоспарлануда, – деді өз сөзінде Алмас Аянұлы.

Қазақ даласында Наурызды сегіз күн тойлаудың салты мен тәжірибесі туралы белгілі этнограф, ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Наурызнама» атты еңбегінде атап өткен.Биылдан бастап,14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған «Наурызнама онкүндігі» жарияланғаны белгілі болды. Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болады. «Мерекелік онкүндік 14 наурыз – Көрісу күні, яғни, Амал мерекесінен басталады. 15 наурыз – Қайырымдылық күніқайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүркүні, облыс аумағындажергілікті авторлар, суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесерлері, премьералары ұйымдастырылады.Сондай-ақ, 17 наурыз – Шаңырақ күнісүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналса,наурыздың 18-і Ұлттық киім күніата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын күн. Ал, 19-ы – Жаңару күнісөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да «Өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. 20 наурыз –Ұлттық спорт күніне байланыстыбарлық өңірлерде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. 21 наурыз – Ынтымақ күні болып белгіленіп, жалпыхалықтық бірлік марафоны, яғни, өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Және 22 наурыз – Жыл басы.Оныншы күн 23-і – Тазару күніұлттық экологиялық науқанға арналған.

Сонымен бірге,мәдениет басқармасы тарапынанда ілкімді шаралар жоспарланған. 14-20 наурыз аралығында тұңғыш рет«РИО» сауда ойын-сауық орталығында креативті индустрияны қолдауға бағытталған «Ғасырлар үні»жобасы аясында облыстың халықтық фольклорлық ансамбльдерінің концерті мен «Көшпенділер мұрасы-Open space» аймағыұйымдастырылады. Сәнді-қолданбалы  өнер шеберлерінің көрмесі мен жаппай сатылымдар жоспарланып отыр. Концерттік бағдарламаны 25 жылдық тарихы бар, репертуары өте бай, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Көкшетау» мәдениет сарайының «Кербез сұлу» фольклорлық ансамблі ашады.

– Жыл басы күні Көкшетау қаласының алаңдары жаңа нақышта безендіріліп, алғаш рет 3 ауыл тігіледі. Олар қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақынБіржан салдың 190 жылдығына арналған ауыл, халық композиторы, атақты палуанБалуан Шолақтың 160 жылдығына арналған ауыл және Қолөнершілер ауылы.Абылай ханалаңында бой көтерген 16 киіз үйде қазақ халқының ұмыт қалған салт-дәстүрлерінен көріністер ұсынылады. Біржан сал ауылы қала тұрғындары мен қонақтарын «Наурыз – көктем, жыр думан!» атты ауқымды театрландырылған қойылымына шақырады. Алаңда 200-ден астам домбырашылардың қатысуымен «Домбыра пати», 300-ден аса бишілердің қатысуымен хореографиялық композиция ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді, – дейді Айгүл Баубекқызы.

Осы жылғы мерекенің бірегейлігі Наурыздың бірыңғай логотипі – «Үш қызғалдақ» арқылы бейнеленген.Біздің ата-бабаларымыз ежелден қызғалдақты қастерлеп, оны көктеммен, махаббатпен, құнарлылықпен, өмірдің жаңаруы мен тіршіліктің мәңгілік циклімен байланыстырған. Сондықтан бұл таңғажайып гүл – Ұлы Дала мерекесінің басты символы.Наурыздың бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ Қазақстанның өткенін, бүгінін және болашағын бейнелейді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажараның» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар