Демеушілік көмек жасады

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары қайырымдылық қызметпен белсенді айналысады. Наурыз мерекесі қарсаңында халық қалаулылары екі әлеуметтік мекеменің ұжымдары мен тәрбиеленушілерін қуантты.

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Айдын Төребаев Қосшы қаласының ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оңалту орталығына теледидар сыйлады.

Ал, «BEIBARYS» жайлылық аумағының бас директоры экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Руслан Шамкенов осы компанияның негізін қалаушы Марат Сапаровпен бірге Аршалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі үшін құны 17 миллион теңге тұратын «Газель» шағын автобусын сатып алды. 13 орындық жаңа көлік балаларды жарысқа тасымалдауға арналған.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар