Елді интернеттегі алаяқтықтан қорғау керек болып тұр

Елімізде жыл сайын 15 наурыз «Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні» болып аталып өтіледі. Ағымдағы жылы бұл күн «Тұтынушылар үшін әділ және жауапты жасанды интеллект» ұранымен аталады.

Дүниежүзілік тұтынушылар ұйымы осы жылы тұтынушылық құқықтық қатынастарда жасанды интеллекті пайдалану мәселелеріне баса назар аударған. Бұл туралы айтулы күнге орай, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Дәурен Қамал өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Күн сайын цифрлық қызметтер тізімі кеңейіп, әдеттегі операцияларды жеңілдететін қосымшалар жасалуда. Мысалы, «wildberries» онлайн режимінде, Kaspi-дүкенде және басқа да электрондық платформаларда сатып алу, қаржылық қызметтерді алу, дәрігерге жазылу және тағы басқа қызметтер қолжетімді. Бұл ретте, азаматтар интернет, әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде алдау мен алаяқтыққа жиі ұшырайтыны ешкімге құпия емес. Осылайша департаменттің жүргізген жұмысының нәтижелері бойынша тұтынушылардың электрондық платформаларға өтініштерінің өсуі байқалған.

– Егер 2022 жылы 108 өтініш түскен болса, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 158 өтініш немесе ол 32 пайызға көп түскен. Тұтынушылардың негізгі шағымдары, тауар мен сатушы туралы ақпараттың болмауы, ұсынылатын тауардың сипаттамаға сәйкес келмеуі, интернет-сайттардың тауар мен ақшаны қайтарудан бас тартуы, алаяқтық фактілерінің көбеюі маркетплейстерге қатысты жалғасып жатқан шағымдардың фактілеріне әсер етті.Бүгінгі таңда маркетплейстердеолардың электронды платформаларында тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жоқ, – дейді Дәурен Берікұлы тұтынушылық құқықтың бұзылу себептерін түсіндіріп.

Сондай-ақ, азаматтық заңнама шеңберіндегі маркетплейстер, яғни, онлайн сауда нарығы жеке кәсіпкерлермен белгілі бір шарттар мен парасаттылық туралы келісімдер жасай алады. Бұл келісімдердің болуы немесе олардың міндетті түрде орындалуы заңнамамен реттелмеген. Сол себепті де, онлайн сауда нарығында алданушылықта көп және шағымда көп түседі. Тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты және тиімді қорғауға бағытталған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасы өткен жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілген. Заң жобасында тұтынушылар туралы дербес деректерді қорғауды міндетті қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің шарттарында тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын жағдайға жол бермеу жөніндегі тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын толықтыру ұсынылған.

Сонымен бірге, Заң жобасы арқылы кәсіпкерлермен шарт жасасу кезінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау туралы ережені міндетті түрде енгізу бойынша электрондық сауда алаңдарының иелері үшін норманы бекіту көзделген. Айта кетейік, егердетұтынушыдан шағымды растайтын материалдармен бірге уәкілетті органның заң талаптарын сақтамағаны туралы хабарламасы келіп түскен жағдайда, электрондық сауда алаңының иесі шартта көзделген шараларды қабылдауға тиісті болады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар