Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Моңғолияда да Әз-Наурыз – ел тойы - АРҚА АЖАРЫ

Моңғолияда да Әз-Наурыз – ел тойы

Бүгінгі күні елімізде Ұлыстың ұлы күнін тойлау жаңа сипат алды. Жоғалғанымыз табылғандай, бабаларымыздың қолданған жолын жаңғырту көзделуде. Мұның дәлелі, биыл бекітілген «Наурызнама» онкүндігі. Енді ұлық мерекеміз жыл бойындағы ең ұзақта, көркем тойланатын мейрамға айнала бастады.

Осы орайда, назарларыңызды шеттегі бір отауымыз, қазақы қалыптың көркі, көшпелі өмірдің үзілмес үміті болған Бай-Өлкелік қандастарымызға бұрғымыз келеді. Ондағы қазақтар біздегі онкүндік тойлау дәстүрін ежелден қолданады десек артық айтпаған боламыз. Себебі, көз көрген мекеннің қайсар қазағы дала мәдениетінің қатал тірлігін әліде қаз қалпында сақтап келеді. Әуелі, санамнан кетпеген сол малшы ауылдың «Наурыз көже» деп аталатын, мерекелік дастарқанын айтып өтейін. Ата-жұрттан өзгеше тойлау үрдісі осы. Ел Наурыз келгенде ғана емес, күнделікті киетін сол қазақы киім, қазақы келбет. Әрбір отбасы «ыстық үй» деп аталатын қыстық тоқал тамдарында, темір пештеріне қара қазандарын асып, қыстай сақтап, сүрлене бастаған соғым етінің дәмді сарысын пісіріп, сорпасына қатық, бидай, күріш, ұн, арпа, тұз, су қатарлы қоспалар қосып, көже жасайды. Ағаш келілерде майлы қызыл ірімшікті келсаппен езіп, дәмді  жент дайындап, қозының бүйе қарнына сақталып, тұздалған сары май, қаптағы құрт, ақ ірімшік, жылқы майына пісірген тәтті бауырсақ, табаға жапқан ақ нанмен дастарқан тек қолдан жасалған ұлттық тағамдарға толығады. Үй-үйдің есігін ашқанда көженің иісі кеңсірік жарып, кәрі-жас түгел тойдың қуанышын ең әуелі танауымен сезгендей қызық болатын еді. Ауылдың үлкен ақсақалының бата-тілегі айтылған соң көже ішу басталады. Қыстай жолықпаған үлкендер бірін-бірі көріп қуана, қыс жайын, мал күйін әңгіме етсе, арасында ән айтып, күй шертетін өнерлі жігіттерде кездеседі.Бұл күні, бала-шаға қызара бөртіп, әлі ери қоймаған мұз үстінде асықтың неше түрімен сақа атып, мәре-сәре боп бір желпіне түседі. Міне, ол жақта дәл осы дәстүр, қазақ ауылдарында бүгінгі күні де өзгеріссіз жалғасуда. Мерекенің басталуын күтпей, наурыз айы туысымен-ақ, үй-үйде «Наурыз көже» қыдырысы басталатын еді.

Сондай-ақ, бүгінгі күні Моңғол үкіметі қазақтардың төл мерекесі Наурыздыресми той ретінде танып, оны ел бойынша тойлауға жол ашты. Үй-үйде көже ішумен ғана шектелмей, Ұланбатыр қаласының «Сүхбаатар» орталық алаңы және Өлгей қаласының орталық алаңында, өзгеде аймақ, аудан орталықтарында ел болып атап өтеді. Бұл күндердің ерекшелігі, қала, аудандардың басты көшелерімен сән-салтанатты, ұлттық киім киген, домбырада дәстүрлі ән шырқап, күй шерткен, қазақы болмысты әспеттеген көш керуені. Бұл шерудіқызықты ету үшін мекемелер арасында жарыстар өткізеді. Қомақты қаржымен жүлде қорларын дайындап, мерекенің ойдағыдай өтуіне әкімдік тарапынан арнайы комиссияда құрылады. Жалпы, Наурызды қазақ халқы ғана емес, моңғол жұртыда  мейрам ретінде атап өтетін үрдіс әлдеқашан қалыптасып үлгерді. Оған дәлел, жыл сайын Наурыз мерекесі келгенде, Моңғолия мемлекетінің басшысының арнайы құттықтауы. Бұрынғыны тізбектемей, өткен жылғы Наурыз мерекесін алатын болсақ, ел Президенті Ухнаагийн Хүрэлсух Бай-Өлкеге іссапармен барып құттықтаса, Ұлан-батырда ұйымдастырылған мерекелік шараға Премьер-министр Л.Оюун-Эрдэнэ қатысып, Әз-Наурызбен құттықтаған еді.Бұл мерекелік құттықтаулардың барысында әр Наурыз сайын ондаған адам, елге сіңірген еңбегі үшін Моңғолия мемлекеттік сыйлықтарының иегері атанады.

Ал, 2024 жылы, Баян-Өлгейде Наурыз мерекесін тойлау үшін арнайы құрылған комиссияның мәліметінше, қандастарымызда ұлы мейрамды 15-22 наурыз аралығында 8 күн тойлау көзделген. Аймақ әкімдігінің шешімімен қабылданған жоспарда әр күні белгілі бір мәнді, мазмұнды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Атап айтсақ, балалар арасында «асық ату» ойыны, аймақтық ақындар айтысы, «Салт-дәстүрді кім жақсы біледі?» атты сұрақ-жауап турнирі, «Тұғырыл хан» тарихи қойылымы, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны, «Қазақ күресі» ұлттық балуандар бәсекесі, «Жігіт сұлтаны», «Наурыз бике-2024»  қыз сыны қатарлы қазақы болмыстың көркін айшықтаған бағдарламалар аз емес.

Сонымен бірге, өзге елді мекендерде де жоспарланған көлемді іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарында, спорттық ұлттық ойындар мен «Бүркітшілер тойы», «Моңғол күресі» кең сипат алады. Бүркітшілер тойы демекші, бұл елде құсбегілік өнердіқазақтар ғана емес моңғол халқыда қолдайтын болған. Өйткені, мемлекеттің туристік әлеуеті түз тағысының арқасында айтарлықтай артқан. Естеріңізде болса, оған зор үлесін қосқан, 13-інде қолына қыран қондырған алтын қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы еді. Күллі әлемге қазақ мәдениетін, құсбегілік өнерін танытқан «Бүркітші қыз» бұл күнде ата-жұртын таңдап, елімізге қоныс аударған. Ағымдағы жылыда Баян-Өлгейде «Наурыз» мерекесіне орай, осы айдың 21-і күні Сағсай сұмынында (аудан) «Түлек-Наурыз-2024» бүркіт сайысын өткізу жоспарланған. Сағсай аудандық «Түлек» бүркітшілер бірлестігі жарысты екінші жыл өткізуге дайындалып жатқаны белгілі болды.

– Құс аулау дәстүрінің маңызды бөлігі – қыс өтіп, жылдағы аңшылық маусымы аяқталғанда, бүркітшілер бүркіттерін бөлек ұстау үшін томаға (көз байлауларын) алып тастайды.Сол күннен бастап бүркіт барынша қоректенеді, оны бүркітшілер «түлек» деп атайды. «Түлек-Наурыз-2024» шарасы қазақ халқының көктем мерекесі Наурыз мейрамымен ұштастыра отырып, қазақ халқының бірегей мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда, – деді бізгеаудандық бүркітшілер бірлестігінің жетекшісі М.Асылбек. Бүркітшілер мерекесінде бүркіттер мен ат әбзелдері іріктеліп, бүркітшілер бүркіттердің дене бітімін (шаһыры) және аңшылық өнерін (шырға тарту) сынау үшін жарысады. Оған қоса, теңге ілу және ат үстінде садақ ату, жамбы ату сияқты ұлттық спорт түрлерінің жарыстары жалғасады.

Әз-Наурыз мерекесі аясында Ұлан-Батыр қаласындағы «Моңғолия қазақ жастар Одағы», Моңғолия ұлттық күрес федерациясы және Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігі бірлесіп, 2006 жылдан бері моңғол күресінен балуандар бәсекесін өткізіп келеді. Аталмыш сайысқа әр жыл сайын 200-ден астам моңғол, қазақ күш иелері қатысып,мемлекеттік дәрежеге жақынбалуандар сыйлығына таласады. Әр жылдары бұл күш өнерінде, қандастарымызда топ жарып, бас бәйгені алған кездері болды. Осы  жылыда бұл дәстүрлі дода мереке күндері ел астанасында өтетін болады. Және де халқымыздың киелі өнері саналған айтыс, қандастарымыздыңда төл өнері қалпынан таймай, небір дүлдүл ақындарды сапқа қосуда. Баян-Өлгей және Хобда аймақтары соңғы жиырма жыл үзбей халықаралық, республикалық, аймақтық ақындар айтысын өткізуді дәстүр еткен. Осы орайда, Бай-Өлкеде «Ақтаңгер Айтыскерлер Одағы» құрылғанын айта кеткен жөн. Одақ төрағасы, айтыскер ақын Аманжол Қуантқан қандасымызбен байланысқа шығып, ақпарат алған едік:

–Биылғы жылы 17 наурызда аймақтық ақындар айтысын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сөз сайысына, Аймақтық әкімшілік іс басқару орны қаржысын бөліп, қолдау білдірсе, айтыстың өзін аймақтық мәдениет және өнер басқармасы, «Ақтаңгер айтыскерлер Одағы» ұйымдастыруда. Айтысқа Бай-Өлке мен Хобда аймағының сөз зергерлері қатысады. Бұл дәстүрлі дода жылда үзілмей өткізіліп келеді. Өткен жылы ғана Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғол елдерінің шайырлары осы мақсатпен Бай-Бесігімізде бас қосқан еді, – дейді қандасымыз Аманжол Қуантқанұлы.

Айта кетейік, Моңғолия қазақтары – көшпелі, дала мәдениетінің әлемдегі соңғы бейнесі. Ықылым заманнан қалған дала заңының ғұрпына бас иіп, Сақтан қалған сахара тірлігін жаңа технология мен заман талабынан артық көрген аз қазақ бұл күнде әлем назарын өзіне көшпенді мәдениетімен аударуда. Түркі жұртының алтын бесігі саналатын киелі Алтай тауының шығыс бөлігін мекен етіп, қиыр жайлап, шет қонған қандастарымыздың бүгінде 7-ші буыны ұл өсіріп, қыз тәрбиелеп, қазақтың қайда жүрсе де, қазақ екенін дәлелдеп келеді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар