Қазақта жыл қайыру қалай пайда болды?

Қазақта жыл қайыру, яғни санау 12 жылдан тұрады, яғни, 12 жыл бір айналым.

Он екі жылға он екі аңның аттары қойылған:  1.Тышқан,  2. Сиыр,  3. Барыс,  4. Қоян,  5. Ұлу,  6. Жылан, 7. Жылқы, 8. Қой, 9. Мешін, 10. Тауық,  11. Ит,  12. Доңыз.

Күні бүгінде жыл қайыру неге 12 жылдан тұрады, неге оларға аңдардың аттары қойылған деген сұрақтың, қазақ тарихын білуге құштар жандарды ойландырып келе жатқаны сөзсіз. Жалпы, бұл жайлы әр түрлі аңыз, әңгімелер де жетерлік. Солардың бірі:

Сонау ерте замандарда Жаңа жыл, жылдың  алғашқы сәтінде көрініп келеді екен. Жылдың басы тышқан аталатын себебі, тышқан түйенің құлағына мініп, жылды ең бірінші болып көріпті. Ал,  аңдардың ішіндегі ең бойы ұзыны түйе, бойына сеніп жылдан құр қалып, қалғандары жақындап келе жатқан жылды көру ретімен жыл аттарын иемденіпті  делінеді.

Тағы бір аңызда «Шығыс күнтізбесіндегі жыл қайыру аспан асты Түрік елінің ең бірінші ханы Қисаға-Тәңірдің кең көлемдегі аң аулау кезінде барлық аңдар қашып, судан жүзіп өтіп құтылуды ойлапты. Содан Іле өзенінен төмендегі тәртіппен жүзіп өтіпті.  Бірінші болып суға тышқан, оның артынан сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, ең соңынан доңыз жүзіп өтіпті. Осы рет саны шығыс күнтізбесінде күні бүгінге дейін сақталып қалған» (Евгений Березиков «Великий Тимур» Ташкент. 1994 ж.  331 б.).

Ең алғашқы адамдар ең бірінші болып әлемдік құбылыстарды емес, бірін-бірі таныды. Біріне-бірі ат қойды, саналары жеткен кезде ата-аналары балаларын санады. Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп атасы, әлем мәдениетінің астанасы, қарашаңырағының иесі, ең бірінші сөз болған және олардың тарихты бір ауыз сөзбен ең бірінші шығу тегін (бастауын), одан ары  рет-ретімен жалғастыра жазатын  қағидасына сүйене отырып, жыл қайырудағы аң аттарының қойылу себебін саралаған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар