14 наурыз күні – «Көрісу күні – Амал мерекесі» аясында «Достар» мәдениет сарайында «Көкшетауға көктем келді»музыкалық-театрландырылған қойылым өтті. Оған театр әртістері, танымал қазақстандық әншілер қатысты.
Қойылым барысында көрермендерге қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Астана, Көкшетау қалаларынан келген қазақ драма театрларының әртістерінің, қазақстандық эстрада жұлдыздарының, сондай-ақ, Көкшетау қаласының шығармашылық зиялы қауым өкілдерініңқойылымдары есте қаларлықтай болды. Іс-шара шынымен жарқын және есте қаларлық әсер сыйлады.
Жиналған қауымЕрлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның дуэтін жылы қарсы алды. Концерттен көрермендер жағымды көңіл-күймен тарқады.
Мереке өскелең ұрпаққа халықтық дәстүрлерді құрметтеу, өткен тарихымыз бен рухани мұрамызға ұқыпты қарау, бейбітшілік пен сүйіспеншілікті қадір тұту, табиғат пен өмірдің бізге берген құндылықтарын, Отан, туған ел мен жер ұғымдарын әрқашан жоғары қоюдың бәрінен де қымбат екендігін көрсетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.