– Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Баймұханов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдегі пәтерден шыққан.
«Бірінші қабаттағы пәтердің ағаш терезесінің жақтауы өртенді. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрғын үйден 80 адамды эвакуациялады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда Ақмола облыстық сотының ғимаратынан өрт шыққанын жазған едік.
Дереккөз: kaz.inform.kz