Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалы ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Аршалы ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  өткен тәулікте Аршалы кентінде 18 мың текше метрден астам су сорылды.

Түрген ауылында және Аршалы станциясының жанында мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді, Қостомар ауылында және Аршалы кентінің Жеңіс көшесінде арық жүйесі жүргізілді. Анар станциясында және 42-ші разъезде 660 қап инертті материал төселген. 42-ші разъезде Аршалы кентінің 16- ӨСБ мобильді посты қойылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені Жібек жолы ауылында белсенді іске асырылуда. Елді мекеннің бөгеттерін қорғау үшін 500 қап дайын, 4-ші шағын ауданда 130 метр қорғаныс бөгеттерін нығайту және күшейту жұмыстары жүргізілуде, 8- ші шағын ауданда қаптарды толтыру үшін 120 тонна инертті материал әкелінді. Тәуекел аймағында қалған 16 саяжай мен 35 тұрғын үйдің иелері хабарлама алды.

Су тасқынына қарсы іс- шараларға барлығы 85 адам, 16 бірлік техника, 15 мотопомпа жұмылдырылды, оның ішінде коммуналдық қызметтер, Ақмола облысы және Шымкент қаласы ТЖД құтқарушылары мен техникалары, аудан ЖШС қызметкерлері жұмыс істейді.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар