Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында ЖЭО салу мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында ЖЭО салу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында Көкшетау қаласында ЖЭО салу жобасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында жобаны іске асыру кезеңдері мен орналасуы мәселелері талқыланды.

Кеңеске Ақмола облысының әкімі Марата Ахметжанов, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есіманов және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов және «Интер-РАО Экспорт» ЖШҚ өкілдері қатысты.

Өңір басшысы Ақмола облысы үшін өткен жылдың маңызды оқиғасы Қазақстан мен Ресей Федерациясы
арасында жылу электр орталықтарын салу туралы меморандумға қол қою болғанын атап өтті.

«Облыс орталығын жылумен жабдықтау мәселесі — стратегиялық маңызды мәселелердің
бірі. ЖЭО құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Бүгін біз жобалық шешімдерді өзгерту және
жобаның техникалық- экономикалық негіздемесін түзету қажеттілігі мәселесін шешуіміз керек», — деп атап өтті М.Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында Көкшетау қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Интер РАО – Экспорт» ЖШҚ арасында ЖЭО салу туралы келісім жасалды. Негізгі техникалық шешімдерде Көкшетау
қаласының қолданыстағы жылу энергиясын өндіру объектілерінің инфрақұрылымын пайдалану жоспарлануда.

ЖЭО құрылысының болжамды мерзімі шамамен 5 жыл.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар