8 мектепте сабақ қашықтықтан жүріп жатыр

Аймақта наурыздың 30-ынан бері су тасқынына байланысты қауырт жағдай қалыптасты. Қазір осыған орай құрылған облыстық жедел штаб одан әрі жұмысын жалғастыруда. 

Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзені арнасынан шыққанда су темір жол  вокзалы маңындағы көпқабатты үйлер мен жеке үйлерге кіріп, сол маңдағы «Ер Төстік» балабақшасы суда қалды. Қазіргі уақытта ондағы балаларуақытша басқа балабақшаларға ауыстырылған.

Облыс аумағындағы ауылдарды су басуына байланысты 7 елді мекендегі 8 мектепте сабақ қашықтықтан оқыту форматына көшіріліп отыр. 20 елді мекенде жолдардыңсу алып қалуына байланысты 200-ден астам оқушыны мектепке тасымалдаумүмкін болмауда. Бұларда да оқыту онлайн форматқа ауыстырылған. Әйтеуір, мектептер зардап шекпеген.

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызының берген мәліметінше, аймақта су басқан мектеп жоқ. Ал, кейбір ауылдарда сабақтың қашықтықтан жүргізіліп жатқанының басты себебі – көшелерді су басып, оқушылардың мектепке жете алмауынан. Сондай-ақ, бірқатар елді мекендердің көпірлерін, жолдарын су шайып кеткендіктен, оқушыларды тасымалдау дамүмкін емес. Тасқын су тек Көкшетаудағы «Ер Төстік»  балабақшасына ғана кірді. 120 баланың әзірше 40-ы қалалық білім бөлімі ұсынған басқа балабақшаларға барып жүр. Қалғандары белгілі  бір себептермен үйлерінде. Қазіргі уақытта балабақша аумағынан су толық шығарылды, оның жұмысын жандандыру үшін басқа қажетті шаралар да қолға алынуда.

Қауіпті аймақта орналасқан басқа балабақшалар мен білім нысандарының аумағы бойынша инертті материалдар төселіпті. Мамандардың айтуынша, облыста су тасқыны бойынша жағдай біршама тұрақталған.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар