– Атбасар ауданының тұрғындарына судың көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды.
«Құрметті Атбасар қаласының және Атбасар ауданының тұрғындары! Жабай, Есіл және Жылымды өздерінің жағалауында тұратын тұрғындар, алдағы тәуліктің ішінде судың қауіпті деңгейге дейін көтерілуі күтілетінін ескертеміз. Осыған байланысты эвакуциялануға дайын болуға шақырамыз. Қажетті киім – кешектер мен құжаттарыңызды алдын ала әзірлуге және материалдық құнды заттардың су басуына жол бермеу шараларын уақытылы қолға алу қажеттігін ескертеміз. Дүрбелеңге жол бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбековтің ескертуінде.
Қазіргі кезде Атбасар қаласында ЖБК аумағында судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған. Сонымен бірге, Жабай өзені жағасындағы топырақтан тұрғызылған жасанды бөгеттер нығайтылып, көшелердегі су сорылып жатыр.
Еске салайық, 2024 жылдың 8-ші сәуірі таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атбасарда Жабай өзеніндегі су қауіпті деңгейден 8 см асып кеткен болатын (қауіпті деңгей — 710 см).