Облыс әкімі Огайо штаты университетінің өкілдерін қабылдады

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен және Огайо мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Марат Ахметжанов оқушылар үшін достық және қолдаушы білім беру ортасын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Білім мен ғылым – табысқа жетудің басты кілті. Біздің ең маңызды міндетіміз – өскелең ұрпақты озық стандарттар бойынша тәрбиелеу және оқыту». Ақмола облысында 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта біздің өңір педагогика, медицина, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлауда. Сонымен  қатар, Қазақстан Республикасы үшін де, басқа елдер үшін де азаматтық қорғау кадрларын дайындап жатырмыз. Жоғары оқу орындары Қазақстанның ғана емес, шет елдердің де белгілі ғалымдарымен және ғылыми орталықтарымен берік байланыс орнатты. Сондықтан біздің университеттердің стратегиялық ынтымақтастығы екі жаққа да пайда әкелетініне сенімдімін», – деді облыс әкімі.

Саясат Нұрбек Қазақстанның оқу орындары Ресей, Корея, Канада, АҚШ және т.б. елдердің жоғары оқу орындарымен тиімді ынтымақтасатынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар білім беру сапасын дамыту және білікті педагогтарды даярлау және білім алушылардың барлық санаттары үшін білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

«Қоғамның саяси көзқарастары мен сұраныстары мүмкіндігінше сәйкес келетін тарихи кезең келді. Бұл барлығына, әсіресе жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп қорытындылады өңір басшысы.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар