Ақмола облысында 2 мың үйді су басуына жол берілмеді

Ақмола облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Марат Оспанов атап өткендей, жедел іс-шаралардың арқасында облыстың 5 мыңнан астам адам тұратын 25 елді мекенінде 2 мың үйді су басудың алдын алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін эвакуацияланған 526 тұрғын үйлеріне оралды. 18 мыңнан астам мал уақтылы эвакуацияланды, бұл су тасқыны кезеңінде олардың өліміне жол бермеуге мүмкіндік берді.

«Қазіргі уақытта облыстың 5 өңірінде су тасқыны жағдайы тұрақтанды, ең жоғары көрсеткіштер төмендеді. Бұл – Степногорск қаласы, Біржан сал ауданы, сондай – ақ Ақкөл, Ерейментау және Егіндікөл аудандары», – деді спикер республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Сонымен қатар өңірдегі су тасқыны жағдайы шиеленісті, әсіресе Есіл, Жарқайың және Шортанды аудандарында. Атбасар, Сандықтау және Астрахан аудандарында Жабай және Колутон өзендерінің қозғалысы кезінде қауіптер сақталады.

«Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 32 шақырым үйінділер тұрғызылып, су объектілерінің 18 шақырымдық жағалау сызығы нығайтылды. Су тасқынына қарсы күреске барлығы 2,5 мың адам, 1 мыңнан астам техника, мотопомпалар мен жүзу құралдары жұмылдырылды. Өзара іс – қимыл шеңберінде ТЖ, қорғаныс және ішкі істер министрліктері су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту үшін қосымша күштер мен құралдарды ауыстырды», – деді спикер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар