Тәулік бойы жұмыс істейтін штаб, техника және қар шығару: сандықтаулықтар су тасқынына қалай дайындалуда

Сандықтау ауданы көктемгі су тасқыны қаупі бар аймақта. Аудан аумағының негізгі бөлігінде қар баяу еріп жатыр, ауданның жергілікті атқарушы органдары ТЖ қызметтерімен бірлесіп су тасқыны қаупін барынша азайту бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Мұнда 20 наурыздан бастап тәулік бойы су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді және қар шығару, су бұру арықтарын жайластыру, арықтарды тазарту және т. б. жұмыстар жүргізілуде.

Сандықтау ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметхановқа су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндалды.

Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбековтің айтуынша, жедел әрекет ету үшін су басу қаупі бар жерлерде халықты хабардар ету схемасы пысықталған.

«Елді мекендерді су басқан жағдайда эвакуация пункттерінде 10 әлеуметтік және коммерциялық объектілерде 117 адамды орналастыру көзделген. Биылғы жылы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Сандықтау, Балкашино, Спасское және Каменка өзендердің арнасындағы бұталы өсімдіктер мен құмды шөгінділерді жою жұмыстары уақытында жүргізілді», – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, «БВР Техносервис» ЖШС ауданның су объектілерінің 10 учаскесінде мұз қабатын қопсыту және ұсақтау бойынша 4 500 шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстарын жүргізді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 115 адам және 51 бірлік инженерлік және арнайы техника дайындалды, әртүрлі қуаттылықтағы 10 мотопомпа пайдалануға дайын.

«Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыз. Еріктілерді даярлау керек, біз ақпараттық іс-шаралар өткізіп, халыққа іс-қимыл алгоритмін жеткізуіміз керек. Біз бәріне дайын болуымыз керек», – деді облыс әкімі.

Айта кетсек, ТЖ өкілдерінің айтуынша, Сандықтау ауданында қардың еруінің белсенді кезеңі сәуір айының ортасына дейін өтеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар