Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Атбасар ауданында - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Атбасар ауданында

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бүгін ТЖ режимі жарияланған Атбасар ауданына келді.

Өңір басшысы су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.

Кеңесте халыққа әлеуметтік көмек көрсету және су тасқынының салдарын жою мәселелері қаралды.

«Қазіргі жағдай күрделі, су нормадан жоғары түсті. Дегенмен, біз жағдайды түзеу бойынша жұмыстарды ұйымшылдықпен жүргізіп жатырмыз. Тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды», — деді М.Ахметжанов.

Айта кетсек, Жабай өзеніндегі су деңгейінің күрт өсуіне байланысты жер білігінің 6 учаскесінде су тасқыны орын алып, қаланың жағалау аймағын су басуына әкеліп соқтырды, 111 адам эвакуацияланды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 411 адам, 70-тен астам техника және 4 жүзу құралдары жұмылдырылды.

Дереккөз: www.gov.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар