Ақмола облысында 100-ден астам үйді су басты

— Ақмола облысының бірқатар елдімекендерінде су тасқыны болып, 100-ден астам түрғын үйді су басып қалды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар ауданында Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, 100-ден астам үй мен мектепті су басып қалған.

Сонымен бірге, 200-ге жуық үй мен 2 мектеп су басу қаупінде тұр.

су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

«Қазірге кезде қауіпті аймақтағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді тасқын судан қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Су басқан аумақтарда 400-ден астам құтқарушының және 100 техниканың көмегімен су сору жұмысы қолға алынған», — деді ведомстводан.

Сонымен бірге, өңірде еріген қар суының молынан ағуынан Жолболды өзені арнасынан тасып, Иванковка ауылында 45 үйді су басты.

су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Автомобиль қатынасы болмауына байланысты тұрғындарды эвакуациялауда қиындық туындаған.

«Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағымен және Трэкол арқылы жақын елді мекендерге 52 адам, оның ішінде 21 бала Макинск қаласындағы эвакуация пункті — № 4 мектеп гимназиясына жеткізілді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді», — деп толықтырды ведомстводан.

су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, аталмыш ауылдан 100 бас ірі қара, 11 жылқы, 50 шошқа және 520 үй құсы қауіпсіз жерге көшірілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік.

су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
эвакуация
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
су тасқыны
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар