Жібек жолы ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Жібек жолы а., 6-ағын ауданында жалпы ұзындығы 5,5 км жаңа қорғаныш үйіндісін нығайту жұмыстары жалғасуда. Құм салынған 56 мың қап төселді.

Еріген қар суының өтуінен қорғау мақсатында жалпы ұзындығы 3 км қосымша қорғаныш үйіндісі тұрғызылды.

Қорғаныш үйіндісін биіктетіп нығайту үшін инертті материалды жеткізетін инженерлік техниканың өткізу үшін жолдарды инертті материалмен толтыру жалғасуда.

Қазіргі уақытта барлығы 150 адам және 48 бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, су тасқынына қарсы жұмыстарда еңбек ресурстарының жетіспеушілігі туралы ақпарат жалған болып табылады. Бүгінде су тасқынына қарсы күресте 48 бірлік ірі техника, ТЖБ, ЖАО құрамынан 150 адам, еріктілер, Жібек жолы ауылының тұрғындары жұмылдырылды. Осыған байланысты жұмыстың осы кезеңінде еңбек ресурстары толық көлемде жеткілікті екенін хабарлаймыз. Қосымша көмек қажет болған жағдайда Жібек жолы ауылының ресми тұлғалары мен белсенділері арқылы тиісті хабарландыру жасалады. Бүгінгі таңда жағдай бақылауда.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар