Атбасар ауданында ТЖ режимі жарияланды

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Жабай өзеніндегі су деңгейінің күрт өсуіне байланысты 04 сағат 43 минутта жер үйіндісінің 6 учаскесінде су тасқыны орын алды, бұл қаланы су басуға алып келді. Су деңгейі 5.95 метрге дейін тез көтеріліп, қатерлі жағдайға жетті. Қазіргі уақытта ауданда ТЖ режимі жарияланды.

«Барлық тұрғындардан сабырлық сақтауды сұраймын, қалада эвакуациялау пункттері ұйымдастырылған (ОМ: 2,3,5,6,7, «Олимп» ДСК, БММ), онда түнеу және тамақтану ұйымдастырылады.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары өтеледі, ол үшін комиссия құрылып, зардап шеккен үйлер дереу тексеріледі. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтың барлық тұрғындары үйлерінен арнайы пунктарға баруы керек», – деді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.

Аудан әкімдігінде су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылған. Байланыс телефондары 24227,  ұялы телефон – 87055984525.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар