Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ассамблея «Жүректен-жүрекке» акциясын қолға алды - АРҚА АЖАРЫ

Ассамблея «Жүректен-жүрекке» акциясын қолға алды

Елімізде ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығымен «Жүректен жүрекке» акциясы басталды. Бұл жоба апатқа ұшырағанАқмола облысының тұрғындарына да гуманитарлық көмек көрсетуді көздейді.

Осыған байланысты Ассамблеядан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары Әлішер Сатыбалдиев пен Геннадий Шиповских бастаған жұмыс тобы Ақмола облысына келді. Олармен бірге елдегі қалыптасқан жағдайға  бейжай қарамайтын  азаматтардан жиналған азық-түлік, жылы киім, төсек-орын жабдықтары мен гигиеналық заттар да жеткізілді.

–Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін республикалық штабтың тапсырмасы бойынша Көкшетауға келдік. Біздің әріптестеріміз, Ассамблеядан сайланған Сенат депутаттары да басқа өңірлерге кетті. Алда да Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына шығу да жоспарлануда. Ассамблея бүгінгі күннің сын-қатерлерінен ешқашан шетте қалмайды, – деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Жамболат Тангиев.

Облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері мен «Жастар Ассамблеясы» жастар қанатының мүшелері көліктердегі жүктерді түсіріп, қабылдау пунктіне гуманитарлық көмекті орналастырды.

–Кеше ғана акция басталды. Ал, біз бүгін міне Ассамблея мүшелері жинаған алғашқы көмекті алып келдік. Екінші жүк Қарағанды облысына жөнелтілді.Осындай жағдайда ең бастысы, ел басына түсіп жатқан ауыртпалықтан  шетте қалмау және оған мұқтаж адамдарға көмектесу, – деп атап өтті Геннадий Шиповских.

Сондай-ақ, депутаттар Қазақстан халқыАқмолаассамблеясы өкілдерімен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен бірнеше отбасына барды. Кейбір үйлерде әлі де су тұр, жиһаз бен тұрмыстық техника бүлінген. Армангүл Пішембаеваның көп балалы отбасы Шағалалы көшесінде тұрады. Аулаға су кіріп, қыста жиналған көмірді шайып кеткен күндерді отбасы үреймен еске алады.

Айтуларынша, қар ери бастағанда және аулаға су кіргенде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағыларға қоңырау шалған. Топан суға тосқауыл қою үшін ағаш және 30 қап құм төселіп, ол еріген суды біраз ұстаған, бірақ, содан  кейін  су жердің астымен келген.

– Біз сорғыға дейін сатып алдық, алайда, ол тез бітеліп қалды. Кейін суды шелекпен шығардық. Қазір үй дымқыл, бөлмелерді кептіру үшін пеш жағу керек. Оған бізде көмір жоқ, – дейді өзінің ауыр жағдайы туралы Анаргүл.

Айта кетерлігі, су тасқыны өзімен бірге тағы бір проблеманы әкелді. Яғни, ұңғымадан ауыз суды пайдалану мүмкін емес, ол түсі сап-сары, жағымсыз иісі бар.Анаргүлдің көршілері су тасқынының екінші толқынын алаңдаушылықпен күтуде, өйткені, осы уақытқа дейін барлық түгел еріп біткен жоқ.

Материалдық көмек ретінде Анаргүл Пішембаеваға «Достық» үйінен  азық-түлік жіберілді.  Жалпы, 30-дан астам отбасы қажетті заттар мен азық-түлік пакеттерін алды, олардың арасында көп балалы отбасылар, зейнеткерлер, мүгедек адамдар бар.

–Аула су басқан кезде, ондағы барлық нәрсе жарамсыз болып қалды. Үйдің верандасы мен жуынатын бөлме ең көп зардап шекті. Көршілердің жағдайы бұдан да нашар. Біз өтініш жаздық, келтірілген зиянды өтеуге уәде берді. Осы қиын күндерде бізге көмектескендердің барлығына, соның ішінде Aссамблеяға шын жүректен рахмет айтқым келеді, – деді Көкшетау тұрғыны Фанил Юмашев.

Делегацияның сапары су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан әлеуметтік бейімдеу орталығында аяқталды. Оларға жалпы сомасы 800 мың теңгеге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары мен гигиена құралдары табыс етілді. Жалпы, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен 111 отбасына көмек көрсетті.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар