Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұл жолғы көмек – Кереку өңірінен - АРҚА АЖАРЫ

Бұл жолғы көмек – Кереку өңірінен

Атбасар және Астрахан аудандарына Павлодар облысынан гуманитарлық көмекжіберілді. Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов өңірге Павлодар облысынан жеткізілген гуманитарлық көмек керуенін қарсы алды.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко бастаған делегация табиғи апаттан қатты зардап шеккен Астрахан және Атбасар аудандары тұрғындарына азық-түлік, су мен сусындар, жеке гигиена құралдары, шаруашылық тауарлары, матрацтар, жылытқыштар әкелді.

И.Теренченко атап өткеніндей, гуманитарлық көмекті жинауға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, этно-мәдени бірлестіктер, жоғары оқу орындары, волонтерлер және жастар ұйымдары, бір сөзбен айтқанда, Павлодар облысының барлық тұрғындары қатысты.

–Осы қиын-қыстау кезеңдерде барлығымыз үшін отандастарымыздың осындай ыстық ықыласы мен қолдауы өте маңызды. Павлодар облысының тұрғындары мен өз әріптестеріме, депутаттарға көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар