Бишілер жетістігі: қос Гран-При!

Жуырда Астана қаласында «Бала шабыты» атты дарынды балалар мен жастарға арналған «Spring festival» халықаралық би конкурсы болып өтті. Оған көптеген талантты ұжымдар, соның ішінде біздің облысымыздан Гулишат Поплавская жетекшілік ететін Есіл қаласының «Бибірайлым» хореографиялық би тобы қатысты.

Байқауда аталған хореографиялық топ қазақтың «Жетіген» биі мен авардың «Горянка» биін билеп, бір емес, екі Гран-При жеңіп алды. Сонымен қатар, ұжым жетекшісі Гүлишат Әлиасхабқызы мәдениет саласын дамытуға елеулі үлесін қосып жүрген үздік ұстаз ретінде арнайы медальмен марапатталды.«Бибірайым» хореографиялық тобы  мүшелерін лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!

Салтанат БАКИРОВА.

Есіл қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар