Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ халқы «Манас» эпосын құрмет тұтады» - АРҚА АЖАРЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ халқы «Манас» эпосын құрмет тұтады»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Президенті Садыр Жапаров елордада Айкөл Манас ескерткішін ашты. Бұл ең алдымен, қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі. Бұндай игі бастамалар екі елдің достығын әрі қарайда нығайта түспек. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімінде осылай деген Мемлекет басшысы мыңжылдық тарихы бар «Манас» жыры тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы екендігін айтты.

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасы тек саяси-экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық бағытта да қарқынды дамып келеді. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Бішкекте ұлы Абайдың ескерткіші бой көтерген болатын. Ал, бүгін бауырлас елдің тарихына құрмет ретінде Астанада Айкөл Манас ескерткіші ашылды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Мемлекет басшысы елордада мұндай еңселі ескерткіштің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі екенін атап өтті. Бұндай игі бастамалар екі елдің достығын нығайта түседі. Президенттің сөзінше мыңжылдық тарихы бар «Манас» жыры тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы.

–Шын мәнінде бұл эпосты құрмет тұтпайтын қазақ кемде-кем. Қазақстанда Мана сесімді 6 мыңнан астам адам бар. Мұның өзі ұлы тұлғаға және тарихи эпосқа деген ерекше құрметтің белгісі. Ұлты қырғыз емес жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановтың қазақ екенін айта кеткен жөн. Ол азамат та бүгінде осында. Бас қаламызда бой көтерген сәулеттуындысытүбі бір түркі жұртының бірлігін көрсетеді. Бұл Манасқа ғана емес, қазақ пен қырғыздыңмәңгілікбауырластығынақойылғанескерткіш. Мен екі елдің достығы ешқашанмызғымайдыдепсенемін. Бүгінде «Манас» жыры бауырлас елдіңтарихижәнеруханимұрасына айналған. Оның ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, осы күнге дейін сақталуына қазақ ғұламаларының да ерен еңбегі бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал, Қырғыз Президенті Садыр Жапаров:

–Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында Айкөл Манастың ескерткішін ашу салтанаты бізге бұйырғандығы әлбетте біз үшін зор мәртебе және өлшеусіз бақыт. Манас бабамыз қырғыз елінің ауыз әдебиетінің ең ұлы туындысы әрі құнды қазынасы. Мыңдаған жылдар бойы қанымызға, жанымызға сіңіп келген демеуіміз әрі өзегіміз, – деп атап көрсетті.

Айта кету керек, осыдан үш жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкекте Абайдың, ал Астанада Манас пен Шыңғыс Айтматовтың ескерткіштерін орнату туралы мәмілеге келген болатын.

Риат Шони.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар