Тәжірибе алмасу – мұғалімдер үшін кәсіби қажеттілік

Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте аудандық әдістеме кабинетімен бірлесе отырып, «Биология, химия сабақтарында оқытудың жаңа әдістері мен ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, цифрлық сауаттылықты арттыру, іс-тәжірибе алмасу. Семинарды мектеп директоры Сәуле Әбдікәрімова мен Қорғалжын ауданы білім бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Картенбай алғы сөзбен бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоғарыда аталған мектептің оқушылары химиялық тәжірибелер көрсетіп, ұстаздардың қан қысымдарын өлшеп, денсаулық бұрышын орнатты. Ақтан Төлеубаевтың 100 жылдығына орай, мектеп оқушылары өлең жолдарын арнап, мектеп мұражайына саяхат жасалды.

Семинарда «Негіздер. Негіздердің қасиеттерін зерттеу» тақырыбында Кеңбидайық мектебінің химия пәнінің мұғалімі Б.Баймұратова және «Гүлдің құрылысы» тақырыбында Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің химия-биология пәнінің мұғалімі Ж.Әкімова ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені жетілдірудің тиімді тәсілі» тақырыбында Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектептің биология пәнінің мұғалімі Г.Дүйсенова Workshop өткізді.

Семинар барысында педагогтар Action research  және  Lesson Study  зерттеу әдістерін талқылап, осы зерттеулерді оқу үрдісінде қалай пайдаланатындары туралы айтып өтті. Семинардың жалғасы химия пәнінің мұғалімі М.Лөкетқызы және биология пәнінің мұғалімі Г.Қасенова «Биология», химия сабақтарында «Ақпараттық-коммуникативті технолологиялар арқылы қолданатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұйымдастырған шеберлік сағатына ұласты.

Семинар соңында шараның қорытындысы шығарылып, қатысушылар аудандық білім бөлімі басшысының сертификаттарымен және мектеп ұжымы Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар