Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат ӘЛІМБЕТОВА: «Әр өтініш, әр азаматтың жағдайы назарымыздан тыс қалмайды» - АРҚА АЖАРЫ

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат ӘЛІМБЕТОВА: «Әр өтініш, әр азаматтың жағдайы назарымыздан тыс қалмайды»

Ел аймақтарының біразында көктемгі су тасқыны орын алып, халықты әбігерге салғаны белгілі. Бұл жағдай біздің облысты да айналып өтпеді. Облысымыздың алты өңірінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Олар, Көкшетау қаласы мен Есіл, Жарқайың,  Атбасар, Бұланды және Астрахан аудандары. Осыған орай «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат Ақниетқызы Әлімбетованы әңгімеге тарттық.

 –  Облысымызда су тасқынына байланысты бір қала мен бес аудандажарияланған төтенше жағдай барысында партия филиалдарының атқарған жұмысы туралы айтып берсеңіз.

– Өздеріңіз білетіндей, әлі күнге республикамыздың бірнеше аймағында жағдай тұрақсыз болып тұр. Ал, бізде Көкшетау қаласы, Есіл, Жарқайың, Атбасар, Бұланды және Астрахан аудандары тасқын сумен күресті. Бұл жерлерде төтенше жағдайға байланысты бүкіл қоғам болып топтасты десек болады.Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен қатар, партия мүшелері, депутаттар мен «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Ақмолалық кәсіпкер депутаттар ауыр техникамен көмектесіп, арнайы есеп шотқа қаржылай ақша аударып, төтенше жағдай қызметкерлеріне ыстық тамақ жасап, құм салатын қаптар сатып алып, күн-түн демей халықпен бірге болды. Олар зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсететін арнайы комиссиялардың құрамында жұмыс істеуде. Гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестірді.

Көкшетау қаласындағы Достық үйінің жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау орталығына өңірдегі жаны жомарт азаматтардан азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар әлі де келіп түсуде. Оларды «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері зардап шеккен тұрғындарға үлестіріп жатыр. Облыстағы су тасқынанын зардап шеккен 6 ауданның жұртшылығына Астана, Алматы қалаларынан, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан үздіксіз гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері де келді. Жергілікті волонтерлер оны дереу таратуға атсалысты.

Облысымызда 400-ден астам волонтер аянбай еңбек етті. «AMANAT» фракциясының депутаттары да қиындыққа тап болған өңірлерде, елдің ортасында жүрді. Қазір барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Депутаттар халықпен үнемі байланыста. Тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен біргеміз. Ешкімде ескерусіз қалмайды.

– Су тасқынымен күресте депутаттардың көмегіне кеңірек тоқтала кетсеңіз?

– Су тасқынымен күрес біздің күллі қоғамды біріктірді деуге болады. Партия атынан сайланған депутаттардың басым бөлігі кәсіпкерлер болғандықтан, олар ең алдымен су тасқынымен күрестің, атап айтқанда, өзендердің іргесін бекіту, құм толтырып, қаптармен жағалауды бекіту, ауыр техника жалдауға қаражат бөлу сияқты жұмыстардың алдыңғы қатарында жүрді. Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаров «Новопэк» полиэтилен қаптарын тігетін республикадағы ең ірі кәсіпорынмен бірлесіп 54 мың қап таратты. Одан бөлек 5 миллион теңгенің азық-түлік, киім-кешек, резеңке етіктермен көмектесті, төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілеріне арнап ыстық тамақ ұйымдастырды. Бұланды ауданында су кірген ауылдарға резеңке қайық апарып берілді. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Руслан Шәмкенов Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы маңындағы өзеннің іргесін бекітуге арнайы ауыр жүк техникасын жалдауға 1 миллион теңге қаражат бөлді. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ғалымхан Саханов 5 миллион қаражат бөліп, төтенше жағдай кезінде қызмет етіп жүрген азаматтарға ыстық тамақ ұйымдастырды. Жалпы, ешбір депутат қиын-қыстау кезде  сырт қалды деуге болмайды. Көптеген депутатар өз қаражаттарына резеңке етік, ыстық тамақ, ауыз су алып беріп, көмек көрсетті. Есеп бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» фракциясының мүшелері, яғни, біздің партиямыздан сайланған депутаттар жалпы сомасы 80 миллионнан астам қаражатқа гуманитарлық көмек көрсетті.

Партия жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, еріктілердің жұмысы қалай ұйымдастырылды?

– Жергіліктіоргандар мен волонтерлерөзаратығызжұмыс жасады. Себебі, табиғиапаттанзардапшеккендердіңқажеттіліктерінжеделтүрдежеткізукерек  болды. Сондай-ақ, өздеріңізгебелгілі, «Жастар рухы» жанынанеліміздіңбарлықоблыстарындажеделәрекететуші республикалықволонтерлер штабы құрылды. Штабтыңарнайытелефонынасуданзардапшеккентұрғындарнемесеволонтерлерқатарынақосыламындеушіжастархабарласаалады. «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының облыс бойынша 400-ден астам еріктілері су тасқынымен күресте көмек көрсетті. Олардың бәрі қатардағы студенттер. Алапат су тасқыны орын алғалы еріктілердің бірлескен күш-жігері су тасқыны салдарын азайтуға, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Атап айтсақ, халықты қауіпсіз орындарға көшіру, суды бөгеттеу, өзен деңгейінің көтерілуіне жол бермеу үшін қапшықтарды құммен толтыру, гуманитарлық көмек жинап, оны үлестіру, құтқарушыларды ыстық тамақпен, шаймен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жасалды. Көкшетау қаласындағы Достық үйінде гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылды. Сол жерден тікелей зардап шеккен өңірлерге заттар жөнелтілді. Сондай-ақ, басқа қалалардан келіп жеткенжүктер де сол жерге түсірілді. Міне, осы жұмыстардың басы-қасында қаламыздың белсенді жастары жүрді.

Партияның қоғамдық қабылдауларына су тасқынына байланысты келіп түскен арыз-шағымдар болды ма? Оларға қандай шешім жасалды?

– Иә, партияның қоғамдық қабылдауларына әлеуметтік мәселер бойынша шағымдар көптеп келіп түсті. Жалпы, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ақмола облысы бойынша барлығы 2062 өтініш түскен. Қаралған мәселелердің 64 пайызы оң шешімін тауып, 34 пайызына түсіндірмелер беріліп, өтініштердің тағы екі пайызы бақылауға алынды.

Су тасқынына байланысты сондай көп арыз-шағым түсіп жатыр деуге болмайды. Себебі, аудан орталықтарында депутаттар бар, әлеуметтік қызметкерлер мен қоғамдық бірлестікер өкілдерінен құрылған мобильдік топ та түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Келіп түскен арыз-өтініштер дереу қабылданып, шешімін тауып жатты. Мысалы, Жақсы ауданынан Ишим ауылының тұрғыны ауыл шетіндегі жыраны бекіту туралы өтініш білдірген, партия филиалы бұл мәселені аудандық мәслихат депутатының көмегімен шешті. Ал, Ақкөл ауданы Еңбек ауылының тұрғындары Жарлыкөл өзенінің арнасынан шығу қаупі туралы арыз-шағым түсіріп, дереу жағалау құм толтырылған қаптармен бекітілді. Сол сияқты, Шортанды ауданындағы Новоселовка ауылында су тасқынынан бұзылған жолды жөндеу бойынша тұрғындардың арыз-шағымы қабылданып, аудандық мәслихат депутаты Николай Ткаченко өзінің мекемесінен техникамен қиыршық тас төсеп, екі ауыл арасындағы жолды жөндеді. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жүрген депутаттар әлеуметтік қызметкерлермен бірге, әр азаматқа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мәселен, облыстық аудандық партия жетекшілері мен өкілдері, әлеуметтік қызметкерлерден құралған мобильдік топ тек бір күн ішінде ғана үйлеріне су кірген 150-ден астам атбасарлық азаматтармен түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл жұмыс күнделікті жалғасын тапты.

Өзім Бұланды, Шортанды аудандарында болғанымда, ондағы жағдайдың күрделілігіне көз жеткіздім.  Боксук өзені тасып, Бұланды ауданының үш ауылына су кірді. Журавлевка ауылында 65 үйге су кіріп, 283 адам орта мектептің ғимаратына эвакуацияланды.Ірілі-ұсақты малдар қауіпсіз жерге көшірілді. Аудандағы бірнеше ауыл электр жарығынсыз қалды. Кейін ол қалпына келтірілді. Жолдарға қиыршық тас төселді. Партия тарапынан тұрғындарға жәрдемақы алу бойынша кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үкімет тарапынан берілетін жәрдемақы төлеу жөніндегі комиссияларға партия өкілдері енді. Өзім осы Көкшетау қаласы бойынша аталған комиссияның құрамындамын.Дәл қазіргі уақытта Астрахан, Атбасар, Бұланды, Жарқайың Есіл аудандарында мобильдік қоғамдық қабылдаулар жүріп жатыр. Ол жерде үйін су басқан азаматтардың арыз-шағымдарына қатысты құқықтық кеңес беріліп, жазып алынуда.Әразаматтың жағдайы назарымыздан тыс қалмайды.Айтып келмес апатпен дүйім қазақ елі күресіп жатыр деуге болады. Әрдайым сүрінгенге – сүйеу, қиналғанға – демеу болуды құп көретін халқымыз береке-бірлігінің арқасында қиын сәттен қысылмай шығып келеді. Ең бастысы – елдің амандығы. Дүние орнына келер, адам шығыны болмасын деп тілейік.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Сұхбатты жүргізген Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар