Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бүгін – көшет, ертең – желек - АРҚА АЖАРЫ

«Бүгін – көшет, ертең – желек

Ақмола облысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Осы акцияның үшінші аптасында өткен «Жасыл аймақ» акциясыаясында ақмолалықтар ағаш отырғызып, сенбілік өткізді.   

Экологиялық іс-шараға белсенді жастармен қатар, мұндай елдік іске бейжай қарамайтын тұрғындар, бизнес өкілдері, еңбек ұжымдары және тағы басқалары өз үлестерін қосты. Облыс бойынша барлығы 62 мыңнан астам адам қатысты.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, интернационалист-жауынгерлер аллеясына және «Арқар» монументіне ағаш отырғызды.

–Біз өскелең ұрпақты қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретуіміз, тазалық мәдениетін қалыптастыруымызқажет.Тәртіп бар жерде тазалық пен жеңіс бар, – деді бұл ретте,облыс әкімі.

Жақында ата-ана атанған жас отбасылар да аталған акцияға қосылды. Осы күні балалармен бірге олар «Сәби» аллеясына 30 атаулы ағаш отырғызды.Атаулы қарағайларды көп балалы Әмірхановтар отбасы да отырғызды.

–Бүгінгі күн біздің отбасымыздың жадында қалады. Біз бұл ағаштарды отырғызып қана қоймай, экологиялық тәрбиенің маңыздылығын үлгі етіп көрсеткіміз келеді. Үлкен балаларымыз аллеяға келіп, көшеттерге су құйып, күтіп-баптауды ұмытпайды, – деді Ақтоты Әміржанова.

Соңғы мәліметтер бойынша Көкшетау қаласында 8000-ға жуық адам осы акцияға қатысты. Олардың күшімен 3500 текше метр қоқыс шығарылып, мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

***

«Жасыл аймақ» күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс орталығындағы Кенесары көшесінің бойына 50 түп қарағай көшеттерін отырғызды. Шарағаоблыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев, «Қоғамдық даму орталығы» мекемесінің ұжымы, «Байтақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Кәрімов, «Ауыл» партиясының мүшелері және Көкшетау қаласының қоғам белсенділері мен қала жастары қатысты.

Сонымен бірге, көшелерді тазалау, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және көркейту, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы акцияны «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалғастырды. Өткен сенбі күні Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясының этно-мәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының мүшелері және мекеме қызметкерлері Достық үйінің аумағын көгалдандыру мақсатында 50 шие және сирень ағаштарынотырғызды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар