Халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театры фестивалі өтеді

Биыл Көкше жерінде осымен екінші рет өткізілетін фестиваль ҚазақстанныңХалық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына арналып отыр.

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры ұйымдастыратын бұл халықаралық комедиялық фестиваліне қазақстандық театрлармен бірге, Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінің өнер ұжымдары қатысып, өзара тәжірибе алмаспақшы.

– Фестиваль ағымдағы жылдың 1-4 мамыр аралығында өтеді. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында 1 мамыр сағат 17.00-де шараның салтанатты ашылуы болады. Өнер бәйгесіне 8 театр қатысуға ниет білдірді. Арнайы шақырылған театр мамандары «Үздік комедиялық қойылым», «Үздік актерлік ансамбль», «Үздік режиссура», «Үздік сценаграфия»,  «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік эпизодтық рөл», «Үздік дебют»секілді аталымдар бойынша бақ сынап, үздіктерді анықтайды. Ал, біздің театр ұйымдастырушылар ретінде фестивальден тыс өнер көрсететін болады, –дейді аталмыш театрдың әдеби қызметкері Манарбек Қыдырбай.

Былтырғы дәстүр бойынша фестиваль аясында тақырыптық кездесулер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылмақшы. Іс-шараға қаланыңжәне облыстың қоғам қайраткерлері, фестивальдің құрметті қонақтары, арнайы театр мамандары және барша БАҚ өкілдері шақырылып отыр.

Бекзада өнерді құрмет тұтқан көзі қарақты көрермен бұл жолы да әртістердің талантына, өнеріне тамсанып, сахна киесін сезіне  түседі  деген ойдамыз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар