Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғау қай кезде де қасиетті ұғым. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл ұғым ерекше мәнге ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мереке тек әскери қызметкерлер үшін ғана емес, бүкіл қоғамымыз үшін ерекше маңызға ие екенін бірнеше рет атап өтті. Тәуелсіз және қалыптасқан мемлекет ретінде өз Отанын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен прогрессивті дамуды бәрінен де жоғары бағалайтын, бейбітшілікті сүйетін мемлекет ретінде халықаралық аренада кеңінен танымал. Бірақ, бұл бізді Қарулы Күштеріміздің қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайтуға міндеттейді.

Елімізде халық қаһармандарының ерліктеріне негізделген берік әскери дәстүрлер қалыптасқан. Қазақ халқының даңқты ұлдары – Рақымжан Қошқарбаевтың, Сағадат Нұрмағамбетовтың, тағы басқаларының өмірбаяндары офицерлер мен сарбаздардың көптеген ұрпақтары үшін ерлік пен елдіктің үлгісі болуда. Биыл біз олардың туғанына 100 жыл толуын атап өтеміз. Отанға деген сүйіспеншілік, батылдық пен қайсарлық бүгінгі күні де өскелең ұрпақты тәрбиелеуде шешуші рөл атқаруда.

Құрметті жерлестер!

Осы мерекеде әрбір шаңыраққа бақ-береке, тыныштық пен ашық аспан тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

***

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 9 мамыр  – Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты ардагерлер және тыл еңбеккерлері!

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бір кездері тарихтағы ең жойқын соғыстан әрбір отбасы зардап шекті. Міне, бүгін 79 жыл өткеннен кейін бұл мереке әрбір қазақстандықтың жүрегінде мұңмен және қуанышпен жаңғырып тұр.

Биылғы жылы Жеңіс күнін мерекелеу Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев пен Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойлары аясында өтіп жатқанының символдық мәні зор.

Біздің ардақты ардагерлеріміз туған жерін қорғап, ұрпақтарының бақытты өмірін қамтамасыз етті. Ал, жыл өткен сайын сұрапыл соғыстан аман өтіп, жеңіске жеткен жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі құндылығын нығайта түсуде.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнінде сөйлеген сөзінде: «Біз бейбіт аспан астында өмір сүргеніміз үшін жеңімпаз ұрпаққа шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың даңқты ерлігі ұрпаққа үлгі. Олардың ержүректілікпен қорғаған бостандық, әділдік, теңдік мұраттары біз үшін Әділ Қазақстанды құру жолында әрқашан бұлжымас бағдар болып қала бермек» деп атап көрсетті.

Құрметті ардагерлер және тыл еңбеккерлері!

Біз сіздердің алдарыңызда әрқашан қарыздармыз. Айналаға қамқорлықпен, ілтипатпен қарау, қаза болғандардың ерлігін қастерлеу – біздің қасиетті борышымыз.

Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! Мәңгілік даңқ сіздерге, жеңімпаз батырлар!

Облысымыздың барша тұрғындары тыныштық пен ырыс-берекеде өмір сүрсін!

***

 Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан сіздерді  Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 32 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақстан әскері біздің тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегіне айналды.

Бұл мереке біздің  батыр ата-бабаларымыз бен қазіргі ұрпақтарымыздың Отанына қызмет етудің даңқты дәстүрлерінің терең байланысын білдіреді. Қазіргі Отан қорғаушылар өздерінің қасиетті борышын және мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау жөніндегі жауапты миссияларын орындай отырып, батылдық, әскери антқа адалдық эстафетасын жалғастыруда.

Әскери мамандық әрқашан халқымыздың ерекше құрметіне ие болған. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастаған мемлекет қорғаныс әлеуетін нығайтуға, әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және оларды жан-жақты қолдауға басымдық береді.

Осы мереке күні мен Ақмола облысының барлық тұрғындарын, сондай-ақ ел қауіпсіздігін қорғаушыларды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт өмір және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне арнаған қызметтеріңізде одан әрі табыс тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

 ***

ҚымбаттыҰлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусының атынан сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Күн сайын арамызда адамзат тарихындағы ең қанды соғыстың қатысушылары азайып бара жатыр. Қазақстандықтар, олардың ішінде Ақмола өңірінің тұрғындары Кеңес Одағының барлық тұрғындарымен қатар, жоғары патриотизм, батырлық пен табандылық танытып, Ұлы Жеңіске елеулі үлес қосты. Майданда және тылда, өздерін аямай, үлкен қиындықтарды жеңе отырып, біздің отандастарымыз соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі құлдыраудың барлық ауыртпалықтарын толық сезініп, өздерінің азаматтық міндеттерін абыроймен орындады.

Қанша уақыт өтсе де, біздің халқымыздың бұл соғыстағы қаһармандық ерлігі маңызын ешқашан жоғалтпайды.  Жеңіс күні ең жарқын, қымбат және сүйікті халық мерекелерінің бірі болып қала береді.

Барша ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, бақыт пен амандық тілеймін. Өткенімізге деген ризашылықбаршамызды жаңа соғыстарға, жауыздыққа қарсы, ізгілік пен адамгершілік мұраттары жолында біріктіре берсін, ел аспаны әрқашан ашық болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар