Тұңғыш постомат – халық игілігіне

Көкшетаудағы халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) құжат алатын алғашқы постомат орнатылды.

Көкшетау қаласының тұрғындары енді дайын құжаттарды ХҚКО-дан 24/7 режимінде ала алады. Постомат Әуезов көшесі, 189а мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан.

ХҚКО клиенттері постоматтан жиырмадан астам дайын құжаттардың түрін, оның ішінде баланың туу туралы куәлігін, жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын, апостиль қойылған құжаттарды және өзге де құжаттарды алатын болды.

Бұл сервисті пайдалану үшін өтініш беру кезінде ХҚКО операторына дайын құжатты постоматтан алғыңыз келетіні жайлы хабарлау жеткілікті. Құжат дайын болған кезде клиентке SMS-хабарлама келіп түседі.

–Постомат арқылы мемлекеттік қызметтердің 24 түрі бойынша дайын құжаттарды алуға болады. Қызмет алушының биометриялық сәйкестендіруінің болуы, сонымен қатар, ұяшық ашылмас бұрын клиентке SMS арқылы келетін бес таңбалы кодтың енгізілу қажеттілігі деректердің құпия сақталуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін біз құжаттарды үйге жеткізуді де ұсынамыз, – дейді Ақмола облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мағжан Ержан.

Естеріңізге сала кетейік, 29 сәуірде Көкшетау қаласындағы ХҚКО-да құжаттамалық терминал орнатылған болатын. Ол арқылы азаматтар өздері суретке түсіп, жеке куәлік пен төлқұжат алуға өтініш бере алады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар