Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алқабилер үкім шығарды - АРҚА АЖАРЫ

Алқабилер үкім шығарды

2023 жылдың қарашасында Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында «Б.» оқтан жараланған «К.»-ні автокөлікпен басып, аса қатыгездікпен өлтірген.

Кейін автокөлікті мініп кетіп, басқа көлікпен соқтығысып, біреудің  мүлкіне залал келтірді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағы, 200-бабының 3-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғанындай, «Б.» мас күйінде, ұнамсыз қарым-қатынас негізінде, өзінің танысы «К.»-ны елді мекеннің сыртына шақырып, мылтықпен атып, оны иығынан жаралап қана қоймай, қашып бара жатқан жерінен қуып жетіп, ішінен екінші рет атқан. Содан кейін жерге құлаған «К.»-нің басынан мылтықтың жуан дүбіменұрған. Ол аздай, кейін «Б.» көлікке отырып,автомашинамен жерде жатқан «К.»-ні үстінен басып өткен. Алған жарақаттардан «К.» қаза тапқан.

Бұдан соң қылмыс орнын жасыру мақсатында «Б.» автокөлікті мініп кетіп, бірнеше рет басқа көлікпен соқтығысып, апатқа ұшыратты.

Бұл қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Қазылар алқасының шешімімен «Б.» аса қатыгездікпен кісі өлтіргені, біреудің автокөлігін мініп, мүлкіне қасақана залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен «Б.» 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған «Б.»-дан жәбірленушілердің пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян және 1,5 миллион теңгеден астам келтірілген материалдық залал өндіріліп алынды. Сонымен қатар, сотталушыға алкогольдік ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үкімі тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар