Есірткі зертханасын тапты

Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасы жойылды.

«Х» атты азамат куратордың нұсқауларын басшылыққа ала отырып, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз жасау үшін барлық қажетті компоненттер мен жабдықтарды жинап, жасырын зертхананы ұйымдастыруға жеке үй тапқан.

Аталған зертханада тінту жүргізу барысында салмағы 33 келіден асатын психотроптық заттар, салмағы 31 келіден асатын химиялық сұйықтықтар, ыдыстарға оралған құрылғылар, зертханалық аспаптар және психотроптық заттардың аналогтары табылып, тәркіленді.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Х» азамат «Х»-ны қылмыстың құралы болып табылатын автокөлік пен жеке үй тәркілеп, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды азық-түлік көкнәрінің үлкен көлемде сату фактілерін байқаса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар