Екі жылда  18 мектеп салынады

Өткен жылы елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру қолға алынған болатын. Бұл ұлттық жоба сыныптарда оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымда оқыту мәселелерін шешуге бағытталған.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымыздың 6 өңірінде 22 600 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда. «Samruk-Kazyna Construction»АҚ осы білім беру нысандары құрылысының дирекциясы болып тағайындалды және оған тапсырыс берушінің міндеттері жүктелді. Ал, жергілікті атқару органдарына құрылыс учаскелерін ұсыну мен қажетті инженерлік инфрақұрылымды бөлу жүктелген.

–2023-2024 жылдар аралығындажобалық қуаттылығы 12200 орындық 9 мектеп салынып жатыр, оның жетеуі Целиноград ауданында, атап айтқанда Ақмол, Қабанбай батыр, Қаражар, Қараөткел ауылдарында, әрқайсысы 1200 орындық екі мектеп Талапкер ауылында, 2000 орындық мектеп Қоянды ауылында және3 мың орындық екі мектеп Көкшетау қаласындажоспарланған. Алғашқы 9 мектеп бойынша мердігер ұйымдар анықталып, келісім-шарттар жасалды. Яғни, бұл осы келісім-шарт аясында жобалау, құрылысты салу, құрал-жабдықтарды жеткізу, нысанды тапсырудың барлығы мердігер серіктестіктің жауапкершілігінде болады деген сөз, – дейді өз сөзінде Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев.

Ұлттық жобадан тыс Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жобалануда. Құрылысқа сараптама алудың жоспарланған мерзімі – 2024 жылдың желтоқсаны.

2025 жылыКөкшетау және Қосшы қалалары менАршалы, Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандарында жобалық қуаттылығы 10400 орындық тағы 9 мектеп салу жоспарланып отыр.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар