Көше жолдары жүріп-тұруға қолайлы болуы керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданына жұмыс сапары аясында Т.Бигелдинов көшесіндегі жол-көлік желісін жаңарту барысымен танысты.

Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахмановтың айтуынша, қаланың осы учаскесінде өнеркәсіп орындары орналасқан, сондықтан, қозғалыс, оның ішінде жүк көлігі қозғалысы жиі.

2023 жылы жол учаскесін асфальттау, 1,2 шақырым тротуар тарту және су құбыры құдықтарын орнату жұмыстарын, резервтік су құбырларының негізін төсеу, объектілерге кіреберістерді ретке келтіру, жолдың кіреберістерінде су өткізу науаларын орнату іске асырылды.

2024 жылдың басынан бастап «Дорстрой Материал-XXI» ЖШС мердігері шұңқырларды жаба отырып, жол негізін салу бойынша жұмыстар жүргізді, сондай-ақ, асфальтбетон қоспасынан және жол негізінен жасалған жабынды орнату бойынша жұмыстарды жалғастырды.

Марат Ахметжанов жол учаскесін қарап шығып, қажетті жұмыстарды сапалы жүргізуді, сондай-ақ, аудан әкімдігіне осы мәселені тұрақты бақылауда ұстауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңірбасшысыодан әрі орталықсаябаққа барды. Онда жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 12 ойын және спорт алаңдарын орнату жоспарланып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар