Жастарды ортақ құндылықтар табыстырды

Халықаралық отбасы күні қарсаңында қоғамның негізі болып табылатын отбасы беделін арттыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ақмолалық жастарарасында «Family life» шығармашылық фестивалі өтті.

Шараны Ақмола жастар ресурстық орталығы «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырды. Фестивальге Көкшетау, Степногорск қалаларынан, сондай-ақ, Зеренді, Ерейментау, Бұланды, Біржан сал аудандарынан келген отбасылар қатысты.

–Қоғамда отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру мәселесі өткір тұр. Бұл фестиваль отбасы құндылықтарын жаңғыртуға көмектеседі. Балаларымыз бақытты отбасында өмір сүруі керек, ал, біз жастарға отбасына қамқорлық жасау маңызды екенін жеткізуіміз керек деп ойлаймын, – деді жиынға қатысушыларға «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетова.

Сонымен қатар, шара барысында облыстық жастар ресурстық орталығының социолог-психологы Үмітжан Құсмаған және «Сенімен Болашақ» РҚБ филиалының психологы Сәуле Исаева отбасылармен оқыту жаттығуларын өткізді. Алғашқы тапсырмалардың бірі – танысу болды. Әрбір ерлі-зайыптылар жұбы өздерінің екінші жартысымен байланысты берілген белгілі бір затты таңдап, өздері туралы әңгімеледі. Яғни, қатысушылар есімдері, қалай танысқандары, ортақ мүдделері жөніндеайтып берді.

– Мен болашақ күйеуіммен Көкшетау қаласында балмұздақ сатушы болып жұмысқа тұрып таныстым. Ұзақ уақыт кездесіп, кейін отбасын құрдық. Біз 10 жыл біргеміз, – деді Динара Сабыркен қолдағы бар заттардың арасынан кәмпит таңдап. – Кәмпитті таңдаған себебім,екеуміздің де ұнататын тәттіміз.

Ал, Бәтима Жанпейісова жолдасы  Ермекті«менің үйім» деп сипаттады. Сондықтан ойын барысында  киіз үйді таңдады. – Жұбайым қайда жүрсе де қасында боламын. Оны өз «үйім» деп айта аламын, – деп Бәтима жан жарын таныстырды.

Фестиваль қатысушылары зейінділік сынағы мен командалық жұмыс сайысынан да өтті. Психолог Сәуле Исаева  ерлі-зайыптыларға «отбасылық құндылықтар ағашын» бояуға мүмкіндік берді.

–Барлық ерлі-зайыптылар ағаштың тамырына сүйіспеншілік пен құрметті сіңіруді жөн көрді, бұл отбасылық өмірді дұрыс бейнелеуді білдіреді, –деп атап өтті психолог. Содан кейін ерлі-зайыптылар бір-біріне «тек сен…» деген сөздерден бастап алғыс хат жазып, отбасындағы бала тәрбиесі мәселелерін және жиі ажырасудың себептерін талқылады.

–Мұндай іс-шаралар отбасыларды уақытты бірге өткізуге, бірлескен іс-шараларға қатысуға, отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға көмектесетіні сөзсіз, – деп атап өтті бұл ретте, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Айгүл Қайратқызы.

Тағы бір айта кетерлігі, алдағы уақытта «Сенімен болашақ» ұйымы жас отбасылармен бірге басқа аудандарға шығып, отбасы институты тақырыбында тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Шығармашылық фестиваль соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар