«Ештен кеш жақсы» деген осы

Ақмола облысының спортшысы, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Анна Нұрмұхамбетоваға ресми түрде 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының күміс медалі табыс етілді.

Мұндай шешімді допинг-сынамаларды қайта тексеріп, медальдерді қайта тағайындағаннан кейін Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы және CAS спорттық арбитраж соты қабылдады.

Бастапқыда Анна 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынды иеленді. Оның қарсыластары сол Олимпиадада қайта өткізілген допинг-сынамалардың оң нәтижелеріне байланысты олимпиадалық медальдарынан айырылды.

Салтанатты рәсім Перу Республикасының (Оңтүстік Америка) Лима қаласында өтті.

Анна Нұрмұхамбетованың айтуынша, бұл оның өміріндегі маңызды оқиға.

«Мен өте толқып тұрмын. Шынымды айтсам, бұған сену қиын еді. Қанша айтқанмен 12 жыл өтті. Соған қарамастан, мен бұл оқиғаға, осы медальға шексіз қуаныштымын», – деді А. Нұрмұхамбетова.

Ол өзінің спорттық мансабын аяқтаған, қазір «Бурабай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорт әдіскері болып жұмыс істейді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар