Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нөлдік циклден тексерілген алгоритмға дейін - АРҚА АЖАРЫ

Нөлдік циклден тексерілген алгоритмға дейін

Су тасқынынан зардап шеккендерге жаппай көмек көрсетуде бірде-бір отбасы немесе бірде-бір азамат назардан тыс және қолдаусыз қалмауы тиіс. Бұл Елбасының алға қойған тапсырмасы. Бүгінде жергілікті деңгейде су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бұланды ауданында су тасқынынан бірнеше ауыл зардап шекті, аудан орталығындағы үйлер де су астында қалды. Жергілікті атқарушы билік тұрғын үй мәселесін тез арада шешуге бағытталған барлық шараларды қадағалап отыр, өйткені, солтүстік өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты құрылыс жұмыстары күн суытқанға дейін аяқталуы тиіс.

Ресми деректерге сүйенсек, биылғы жылы Бұланды ауданында 117 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланғанын айта кеткен жөн. Иванковка ауылында – 42 үй, Капитоновкада – 15 үй, Журавлевкада – 44 үй, Вознесенкада – 16 үй салу керек. Никольское ауылында бір екінші деңгейлі тұрғын үй сатып алу жоспарланса, Макинск қаласында 9 екінші деңгейлі тұрғын үй сатып алынады.

Бүгінгі күні құрылыс сатысы нөлдік циклде, жоғарыда аталған елді мекендердің барлығында тұрғын үйлер салынатын телімдер толығымен тексеріліп, жер жұмыстары басталып кетті. Барлық жұмыстар алгоритм бойынша жүргізіледі. Таңдалған аумақтарда геотехникалық зерттеулер өткізілді. Бүкіл процесті алғашында аудан басшысы А.Смайылов пен оның орынбасарлары, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құзырлы қызмет басшылары жеке бақылайды.

Табиғат апатынан зардап шеккен жергілікті тұрғындар болашағын туған ауылымен байланыстырып, барлық сынақтарға ауылдастарымен бірге төтеп беруге дайын болғандықтан, жаңа тұрғын үй құрылысының сәтті аяқталуына алаңдайтыны жасырын емес.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар