Есіл өңірінде спорт  жарыстары жиі өткізіліп жүр

«Спорт – денсаулық кепілі» дегендей, бүгінде ауданымызда жас буын мен өскелең ұрпақты спортқа баулып, ынталандыру мақсатында түрлі сайыстар жиі өткізіліп келеді. 16-18 мамыр аралығында Есіл қаласындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аудан әкімі Серік Балжановтың жүлдесі үшін және өңірде күрестің негізін салушы бапкер Мұрат Балжиевты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өткізілді.

Жарысты Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Есіл» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және «Есіл аудандық еркін күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл турнирге Көкшетау, Степногорск, Щучинск  қалаларының және ауданнан 8 команда қатысып, 119 жас балуан күш сынасты. Турнир нағыз спорт мерекесіне айналды, онда жас палуандар өз өнерлерін, жеңіске деген құштарлығын, спорттық шеберлігін көрсетті. Турнир нәтижесі бойынша салмақ дәрежелері мен жас ерекшеліктеріне қарай барлық команда марапатқа ие болды.

Сонымен бірге, жуырда «Спорт баршаға арналған» акциясы аясында 2008-2009 жылы туған және одан кіші қыздар арасында стритболдан ашық біріншілік өтті. Бұл іс-шара аудан жастарының белсенді өмір салты мен спорттық жетістіктерге ұмтылуына жол ашады. Аталған ойынға алты команда қатысты. Олардың әрқайсысы ұжымдық бірлік рухын және өз командасының туын жықпауға тырысты. Әр команда ауызбіршілік танытып, жоғары деңгейде өткен тартысты матчтарды көрермендер бар ынтасымен тамашалады. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды Есіл қаласының «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ойыншылары иеленсе, «Жарқайың-1» командасы лайықты түрде үшінші орынды жеңіп алды. Оған қоса, спортшыларға команданың жетістігіне қосқан үлесі бағаланып, «Үздік ойыншы» атағы берілді. Олар: Айжан Досжанқызы, Маргарита Буркова, Виолета Имаева, Яна Рябчик, Жанель Қабдрашитова, Любовь Данко, Дания Исалина. Жеңімпаздарға аудандық жастар-ресурстық орталығының дипломдары мен естелік сыйлықтары табыс етілді. Бұл – олардың күш-жігері мен талантының бағалануы болды.

Айта кетейік, ауданда бұлардан бөлек «Жастар-2024» спартакиадасы, аудандық «Жас құтқарушы» конкурсы сияқты аудан жұртшылығының, әсіресе, жастардың салауатты өмір салты мен спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар мен жарыстар жиі өткізіліп тұрады.

Есіл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар