Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зұлмат жылдар қасіреті жадымыздан шықпауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Зұлмат жылдар қасіреті жадымыздан шықпауы тиіс

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Ақмола өңіріндегі зобалаң жылдар: ақиқат пен ұрпақ сабақтастығы» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шара саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналды.

 Жиынға қатысқан тарихшылар, университет профессорлары жиырмасыншы ғасырда орын алған тарихи оқиға жайлы зерттеулерімен, тың деректермен бөлісті.

Конференция Шоқан Уәлиханов университеті ректорының кеңесшісі, доцент, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның» үйлестірушісі Аманбай Сейітқасымовтың төрағалығымен өтті.   Сондай-ақ, тағылымды шараға Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Жабал Ерғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, қалалық ардагерлер кеңесі, жоғары оқу орындарының студенттері, «Қоғамдық даму орталығы» мекемесінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара  басталмас бұрын қатысушыларға тақырыпқа байланысты  «Зұлмат»  деректі фильмі көрсетілді.

Ғалымдардың зерттеуінше, сол жылдары  Кеңес Одағы бойынша Сталиндік  лагерьлердежапа шеккендердің саны бес миллион адамнан асты. Саяси қудалау қатаң ұжымдастырудан туындаған ашаршылықпен сәйкес келді. Мал мен мүліктен айырылған адамдар күнкөріссіз өмір сүруге мәжбүр болды.  Олардың көбісі жақсы өмір іздеу үшін ел аумағынан кетті. Ал, жалған айыпталушылардың істері Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана қайта қарала бастады. 1993 жылы Қазақстанда «жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасы  Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, 31 мамыр ­­– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істей бастады. Ол 1920-1950 жылдар кезеңіндегі Қазақстанның  тарихы мен мұрағаттарын зерттеп, ақтаңдақтар ақиқатын анықтауға ат салысуда.

Бұл маңызды іске мемлекеттік органдар мен ғалымдар қосылды. Ал, зерттеу нәтижелері бойынша материалдар мен құжаттар жинағы шығарылды.

Игі іс-шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин Қазақелінің әр ғасырларда талай қайғылы беттерді басынан кешіргенін, бірақ, қандай жағдай, қандай саяси теке-тірестер болмасын бірлік пен ауызбіршіліктің арқасында одан аман шығып, елі мен жерін сақтап қалғанын атап өтті.

–Бұл біздің ата бабаларымыздың және сол замандардағы саяси тұлғаларымыздың арқасы деп білемін.  Енді, бүгінгі күні біз осындай  шарада бұл тақырыпты ашық түрде бүгінгі ұрпақтарымызға айтып отырғанымыз өте маңызды. Әрине, біз оны саясиландырмауымыз керек. Өйткені, нақты деректерді, фактілерді бұрмалау жағдайлары да орын алуда.  Осыдан біз  жастарды  аулақ ұстауымыз керек. Еліміздің болашағы бәріміздің қолымызда, – деп атап өтті ішкі саясат басқармасының басшысы.

2020 жылы ел Президентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығы шыққан болатын. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық облыстарында және Ақмола облысында  Шоқан Уәлиханов университетінің  базасында өңірлік Жобалық кеңсе, ал, 2021 жылы облыстағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтаумен айналысатын өңірлік комиссия құрылды. Аманбай Асылбайұлы осы комиссияның облыс аумағындағы жұмысы жөнінде кеңінен баяндап берді.

–Жалпы, 7 жұмыс тобы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, бірінші бағыт босқындар болды. Қазақ даласында аштық салдарынан көп халық осы жақтан Ресейге қарай қашқан еді.  Екіншісі, Қазақстан аумағындағы лагерьлер. Комиссия құрылғанға дейін тек төрт лагерьдің болғаны туралы мәлімет келтірілген еді. Алайда, үш жылдың ішінде сол жылдары он тоғыз лагерьдің болғаны анықталған.  Тек Зеренді ауданының аумағында  төрт лагерь  болған екен.  Үшінші бағытта дін мәселесі зерттелді.  Яғни, сол жылдары  облысымыздың көптеген дін өкілдері сотталған  еді. Төртінші мен бесінші  бағыттағы жұмыс тобы Қенес Одағындағы депортация мәселесімен, депортацияланғандардың өмірін саралаумен айналысты. Алтыншы бағыт зиялы қауым өкілдерін қудалау  болса, соңғы жетінші бағыт әскери тұтқындарға арналды, – деді өз сөзінде Аманбай Асылбайұлы.

Сондай-ақ, шараның спикерлері  ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы университетінің тарих магистрі Раушан Жүсіпова, жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар кафедрасының аға оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Күшпаева, «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш қоғамы» жастар қанатының үйлестірушісі, облыстық «Жастар ассамблеясының» мүшесі Элита Яндиева және жастардың атынан облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы»  маманы, Ақмола облысы пікірсайыс федерациясының төрағасы Нұрғасыр Бердібек сөз сөйлеп, тарихтың осы қайғылы беттері туралы баяндамалар жасап, жоғарыда аталып өткен өңірлік комиссияның жеті бағыттары бойынша жаңа  ақпараттармен бөлісті.

Мысалы, университеттің лекторы, тарих магистрі Раушан Жүсіпова «XX ғасырдың 1930 жылдарындағы Қазақстандағы кеңестік зиялыларға қатысты саяси қуғын-сүргін»  тақырыбында баяндама жасаса, Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Ақмола облысының мемлекеттік архиві» мекемесі ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Әсем Әлдибекова «1920-1930 жылдарында Ақмола облысындағы ұжымдастыру және иеліктен шығару бойынша архивтік құжаттар жинағының тұсаукесері» тақырыбын қозғады. Спикерлердің баяндамалары негізінде конференция қатысушылары өткен трагедияларға толы жылдар  туралы көптеген зерттелмеген фактілер мен  ақпараттарды  білді.

Белгілі саясаттанушы  Әлібек Тәжібаев өз сөзінде «тарихты объективті зерттеу-өткен трагедияларды түсіну мен жеңудің кілті»  екендігін айтқан еді. Қазіргі заманның  тарихшылары мен зерттеушілері саяси түсіндірулерге емес, нақты фактілерге, құжаттарға және куәгерлердің мәлімдемесіне сүйенуі тиіс. Себебі, тек осының арқасында жаңа қақтығыстар мен түсініспеушіліктерге әкелуі мүмкін бұрмалануларды болдырмауға болады. Өткен зұлмат жылдарда бейбітшілік пен ынтымақтастыққа негізделген болашақты құруға көмектесетін сабақ болуы керек. Аштық пен қуғын-сүргіннен аман қалған халықтар өздерінің ортақ азаптарын, сондай-ақ, сол қиын жылдары аман қалуға көмектескен өзара көмек пен ынтымақтастықты есте ұстауы маңызды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар