Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

 Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!

Еліміздің саяси тұрақтылығын бейнелейтін егемен Қазақстанның рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұранын баршамызда мақтан тұтамыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елтаңба, Ту және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің ең биік құндылықтары – бейбітшілік, бірлік, келісім, прогресс. Біз халық мүддесін қорғайтын қуатты, беделді мемлекет құру жолында бірге жаңа жеңістерге жететінімізге сенімдімін» деп атап өткен болатын.

Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Олар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бейнелейді және еліміздің лайықты болашағына деген сенімімізді ұлғайтады.

Біздің ортақ Отанымыздың игілігі жолындағы жемісті, жасампаз еңбектің кілті қашанда халқымыздың патриотизмі мен бірлігі болды. Болашақта мемлекеттік рәміздеріміз ақмолалықтардың және барша қазақстандықтардың ерен еңбегі мен жетістіктерінің арқасында әлемге танылатынына сенімдімін.

Құрметті жерлестер!

Осы тамаша мерекеде әрбір отбасына зор денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен келісім, махаббат пен қуаныш, береке мен тұрақтылық тілеймін!

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында бекітілген болатын. Еліміздің егемендігінің нығаюын, жалпыұлттық құндылықтарымызды бейнелейтін, жарқын болашаққа деген ұмтылысымызды көрсететін бұл мерекені бәріміз мақтан тұтамыз.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран біздің ортақ игілігіміз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, тарихымызға, мемлекеттік тілімізге, мәдениетіміз бен ұлттық дәстүрлерімізге деген терең құрметіміздің қайнар көзі болып табылады. Біз рәміздерімізді құрметтеуге және олардың қасиетті мағынасын білуге міндеттіміз.

Тәуелсіз еліміздің лайықты болашағы, Жаңа, Әділетті Қазақстанның құрылуы бүгінде барлығымыздан жасампаз әрі жемісті жұмысты талап етуде. Бәрімізге ортақ мақсатымызға жету жолында сәттілік, табандылық пен шыдамдылық тілеймін.

Осы мереке күні, қымбатты жерлестер, сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, жан тыныштығы мен бейбітшілік, махаббат пен қуаныш, амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен өркендеуін тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар