Қазақша сөйлей білсең, қадірің артады

Жуырда Қарағанды қаласында«Ұлттық ұлан» мен «Орталық» өңірлік қолбасшылығыныңәскери бөлімдері арасында өзге ұлт өкілдерінен тұратын әскери қызметшілердің   «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты  байқау-сайысының келесі кезеңі өтті. Шығармашылық байқауға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облысынан 7 әскери қызметші қатысты. Басты талап –аталмыш байқауға түркі тілдес емес халықтардан тұратын өзге ұлт өкілдері қатыса алады.

– Биыл байқаудың екінші кезеңі «онлайн» форматта өткізіліп жатыр. Байқау талаптарына сай әрбір қатысушы 3 тапсырма орындап келуі тиіс болатын. Қазылар алқасы әр жауынгердің қабілетін қазақ тілінде қаншалықтыемін-еркін сөйлегеніне, әртістік қабілетіне назар аударып, бағалайды, – дей келе, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы тәрбие басқармасының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері, капитан Медет Жексенай байқаудың талаптарымен таныстырды. Сайыс кезеңінің тәртібіне сай әрбір қатысушы үш түрлі сынақтан өтуі тиіс. Алғашқысы «Таныстыру», екіншісі қазақ тілінде өзі білетін мақал-мәтелдерді жатқа айту, үшінші айналымда әйгілі ақындардың бірінің өлеңін оқу.

Сондай-ақ, шара барысында қазылар алқасы әрбір қатысушының жеке дайындығына, сөйлеу мәдениетіне, ақпаратты толық жеткізе білуіне, мемлекеттік тілде таза сөйлеуіне аса мән берген көрінеді. Байқау кезінде әрбір жауынгер намысты қолдан бермей, бірінен бірі асып түсуге тырысты. Онлайн режимде өтсе де, барлығы өзөнерлерін паш ету үшін видеотүсірілімнің дауыс жазу ырғағына ден қойып, оны қосымша безендіре түсті. Сөйтіп, байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімнен  қатардағы жауынгер Телятник Виталий иеленсе, 2 орын 6697 әскери бөлімінің ефрейторі,қостанайлық Застешко Андрейге бұйырды. Ал, Көкшетау қаласынан қатысқан жерлесіміз, 5510 әскери бөлімінің сарбазы, ефрейтор Сергей Лукьянов өз қатарластарынан аса түсіп, биылғы жылғы екінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Қалған қатысушыларда әр түрлі номинациялармен марапатталды.

Айта кетейік, осы байқау жеңімпазы алдағы қыркүйек айында «Ұлттық ұлан» Бас қолбасшылығы ұйымдастыратын үшінші кезеңде барша қазақстандықтар алдында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар