Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бишілері биіктен көрінуде - АРҚА АЖАРЫ

Бишілері биіктен көрінуде

«Би өнеріәлемнің рухани елшісі» деген екен өнертанушы бір дана. Би өнерін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген Александра Валерьевна жетекшілік ететін бишілер тобымен Алматыға өнер сапарына шығар алдында жолығудың сәті түсті. Негізгі жұмыс орны Еркіншілік ауылында болғандықтан, мұнда уақыт тығыз, атқаратын жұмысы аса көп екені байқалады.

Майлан ауылынан жарты жыл бойы дайындаған шәкірттері Астанада өткен «Рейтинг жетістіктері» байқауында айтарлықтай

нәтижеге қол жеткізіпті.Дәлірек айтсақ, «Тұлпар» ұлдар би тобы мен қыздардан «Дарина» би тобы, оған қоса «Искорки» мектепалды даярлық тобы 1-орын және «Regi dance» би тобы 2-орын иеленіпті. Байқауға Қырғызстан, Ресей, Моңғолия және Қазақ елінен бишілер қатысып, төрешілер Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және өз елімізден болғанын ескерсек табыс оңайшылықпен қолға келмегені белгілі. Енді Алматы қаласында өтетін «Summer fest» байқауына қатысу үшін дайындық үстінде екен. Әрине, дайындықсыз табысқа жету қиын. Майлан ауылының балаларынан би студиясын құру идеясы қалай туғаны туралы былай деп баяндады. Қай бір мамандықты әсіресе, өнерді меңгеремін деген адам үнемі ізденіс үстінде болатыны белгілі, Александра сондай жанның бірі болса керек. 2023 жылы «Ақмола жұлдыздары» байқауы болған кезде тамашалаушы ретінде барғанын, ауыл бишілері төрт-бес би орындағанын көріп би студиясын құрса болады-ау деген ойға келіп, бұл ойын клуб меңгерушісі Гүлжан Төкенқызына айтқан екен, меңгеруші де бірнеше күн ойланып келісімін берген. 80 бала қатысқан төрт би тобы құрылыпты. Олар «Дарын», «Исгорки», «Regi dance», «Тұлпар»  ұлдар топтары. Осылай балалардың би өнерін шыңдау үшін Еркіншілік ауылының мәдениет үйінің меңгерушісі қосымша жұмыс атқаруына тура келіпті. Балалардың жас шамасы әртүрлі және өткен жылдың желтоқсан айының ортасынан бастаған жұмыстары нәтижелі болып, Алматыда жеңіс биігінен көрінген олар, енді Өзбекстан еліне сапар шекпекші.

Алматы қаласында өткен халықаралық байқауда «Дарина» би тобы Гран-При жүлдесіне ие болса, «Regi dance» би тобы 1-орын, келесі екі топ 3-орынға ие болғаны ұстазы Александраның төккен терінің нәтижесі болмақ. Бұл халықаралық байқауға Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қазақ елінің бишілері қатысыпты. Бұлақ көрсең көзін аш, деген осы болар. Зеренді ауданының тумасы, шешесі Валентина Степановна Еркіншілік ауылының азаматшасы болғандықтан, анасына еріп келіп, Павловка орта мектебін бітірген. Іздене жүріп, екі-үш жоғары мамандықты игеріпті, соңғысында 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» бойынша диплом алған, магистратура бітірген, екі ғылыми-зерттеу мақаласының авторы екен, үнемі талпыныс, ізденіс үстінде жүретіні байқалады. Білімін шыңдау үшін көптеген курс, семинар, жиын топтарға қатысып, сертификат алғанымен қатар, мақтау қағаздары мен марапаттары да еңбегінің жемісін дәлелдеп тұрғандай. Әңгіме барысында Еркіншілік ауылында мәдени ұйымдармен бірлесе отырып, әртүрлі топтар құрып, бастамашылдық көпшілік жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылды. Әсіресе, ауылдық кітапхана ұжымымен келісіп, «Болашақ» балалар клубын, аналарға арнап «Алтын оймақ» клубын ашқаны бос уақытты пайдалы, әрі тиімді өткізуге мүмкіндік туғызғаны болмақ. Үшмүшел жасқа жаңа толған кейіпкерім өзінің білгенін өзгеге үйрету үшін аптасына үш-төрт күн уақытын  бөліп, буыны қатпаған балаларға билеудің әдіс-тәсілін үйретіп, үнемі ізденіс үстіне жүргені басқаға да үлгі болардай.  Жас буынды қаршадайынан баулып, биікке шығуына тәлім-тәрбиесін аямай, үнемі олардың жанынан табылатын нәзік жандының еңбегінен толайым табыстар күтумен қатар, әлі де биік шыңдарды бағындыра берсе екен деген тілектеміз.

              Әдебиет БАЙДОЛДАҰЛЫ.

Майлан ауылы, Ерейментау  ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар