Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Меморандумға қол қойды - АРҚА АЖАРЫ

Меморандумға қол қойды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңіріміздегі ірі өнеркәсіп басшыларымен кездесіп,  «Казцинк» серіктестігі және «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы компанияларымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және өңірдің маңызды мәселелерін шешу шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

– Елдің әл-ауқатын арттыруға жергілікті бизнес өкілдерінің тарапынан үлкен қолдау бар екендігін атап өткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, өмірдегі сан түрлі сынақ, апат айтып келмейді. Биылғы көктемде болған су тасқыны ел тұрғындарын әбігерге салды. Осындай сын сағатта бірлік пен ынтымақтың арқасында бірлескен жұмыс нәтижесін көрсете білдік. Бүгінгі кездесуіміздің басты себебі, өңіріміздегі ірі өнеркәсіп басшыларымен облыстық әкімдік арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойып, облысымызға қажетті тың жобалар қолға алынбақшы. Осының барлығы ел игілігі жолында атқарылып жатқан ілкімді істер. Біздің ұсынысымызды құп алып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облысымызға көптеген қаржылық жобалармен көмектесетін «Казцинк» серіктестігі мен «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы басшылығына алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындары сіздердің әлеуметтік салаға және аймақтың дамуына қосқан үлестеріңізді жоғары бағалайды», –  деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Осылайша құнды құжат  аясында «Казцинк» серіктестігі Қопа көлі жағалауы  бойында жол салу, Қылшақты өзенінің арнасын тазарту, сондай-ақ, Целиноград ауданындағы Қоянды ауылының айналасында және ішінде су бұру арналарының желісін орнату сияқты жобаларды жүзеге асыратын болады. Нысандардың құрылысына металлургиялық компания 6,3 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп отыр.

Ал, «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы Степногорск қаласында 5,6 миллиард теңге сомасына жаңа стадион салу жобасын қолға алуды жоспарлауда. Жоба аясында қолданыстағы стадионды бұзып, орнына жаңа заманауи стандарттарға сай жүгіру жолдары бар футбол алаңының жабындарын ауыстыра отырып жаңа стадион салу жоспарланған. Стадион 2000 орындық трибуналы жеңіл атлетикалық манежбен, электрондық табло және бейне экрандармен және тағы басқа  қажетті спорттық жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, арнайы спорт алаңдары мен жолдарды абаттандыру мәселелері де жүзеге асырылады. Іс-шара барысында тараптар ынтымақтастық негізінде құрылған жоспарларды талқылады.

– «Алтыналмас» компаниясы Степногорск қаласында орналасқан іргелі кәсіпорын. Бүгін облыс әкімдігімен өзара мәмілесе отырып, Степногорск қаласында жаңа заманауи стадион салу жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойдық. Құрылыс алаңы жеті мың шаршы метрді құрайтын бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай, барлық қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады. Стадионда спортпен айналысамын деген мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасау жоспарланып отыр. Жоба екі жыл ішінде жүзеге асырылады, – деді «Алтыналмас» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Баламир Маханов.

                                                Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
(«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар