Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Атбасар және Жақсы аудандарында болып, тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізіп, маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асыру барысымен танысты.
АТБАСАР ауданында халықпен есеп беру кездесуінде облыс әкімі су тасқынының зардаптарын жоюға баса назар аударды. Биылғы көктемде бірер әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қызыл су басқан болатын.
Су тасқынынан зардап шеккен 172 отбасының үйін жөндеу жұмыстарына өтемақы және 371 адамға 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді. Үйлері жарамсыз деп танылған 38 отбасына пәтер сатып алынды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет адамдарды қамқорлықсыз қалдырған жоқ. Өңір басшысы су тасқынынан зардап шеккен Атбасар тұрғындарына келтірілген шығынды өтеумен қатар, су басу аймағынан көшіру керектігін қадап айтты.
– Екі жүз пәтерлі тұрғын үйді дер кезінде пайдалануға беру және тұрғындарды көшіру биылғы көктемде қиындықтарды болдырмауға септігін тигізер еді, – деді аймақ басшысы Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановқа қарата айтқан сөзінде. – Біз тұрғын үй мен басқа да маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы жылдарға созылып кетпеуі үшін осы жайды ескеруіміз керек. Ал, ол үшін құрылыс жұмыстарына тәулік бойы мониторинг ұйымдастырып, қоғамдық бақылау комиссиясын құрып, оның құрамына құрылыс саласының мамандарын қосу қажет.
100 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, жаңа мердігерге оны ағымдағы жылдың 1 және 15 тамызы аралығындағы мерзімде тапсыруға шарттар қойылды. 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, тағы бір жүз пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Осылайша, 345 отбасы қауіпті аймақтан көшірілетінін атап өтті аймақ басшысы.
Биылғы жылы су тасқынының алдын алу үшін Атбасар өңіріне Жабай өзенінің арнасын тереңдету және тазарту үшін көп функционалды экскаватор сатып алынуда. Өзен жағалаулары нығайтылады. Атбасарға құрал-жабдықтар 20 шілдеге дейін жеткізіледі. Күн суытпай тұрып Жабай өзені арнасының он шақырымдай жерін тазарту жоспарлануда. Бұл тереңдету – су басу қаупін азайту үшін жасалуы керек нәрсенің бір бөлігі ғана. Ол қалаға тек тасып жатқан өзеннен ғана емес, еріген судың ағынын да дұрыс реттеуді талап етеді. Облыс әкімі Атбасар ауданы әкімдігінен қала шекарасында күрделі су өткізгіш құрылыстар салу жобасын әзірлеуді жеделдетуді талап етті.Әңгіме топырақтан жасалған қорғаныш қоршауының корпусындағы үш құлып туралы болып отыр. Ол өткізу қабілеттілігін арттырады әрі жағдайға байланысты су өтетін жолды тез ашуға және жабуға мүмкіндік береді. Бірінші учаске №1 орта мектептің жанында, екіншісі Макарина көшесінің бойында және үшіншісі Май бөгеті ауданында.
Марат Ахметжанов индустриалды-аграрлық Атбасар ауданында өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екенін баса айтты.
Қала құраушы кәсіпорындар темір жол жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсететін «Қамқор-Локомотив» ЖШС Атбасар электровоз жөндеу зауыты болып табылады.Сондай-ақ, «ИНТЕР ТРЭЙД» ЖШС (ұн тарту кәсіпорны), «Аждар и К» ЖШС (темір жол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету).
Алайда облыстың жалпы өнеркәсіп өніміне ауданның үлесі төмен – небәрі 1,6 пайыз. Бұл жерде облыс әкімінің айтуынша, қолға алатын шаруа бар. Ақмола облысындағы жалпы ұн өндірісінің үштен бір бөлігі «ИНТЕР ТРЭЙД» ЖШС-нің үлесіне тиеді.
–Терең өңдеу кәсіпорындары ең көп жұмыс орындарын ашып, жоғары салық шегерімдерін және тиісінше аудан бюджетін толықтыруға кепілдік береді, – деді облыс әкімі. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделген үлесін 70 пайызға жеткізу міндетін қойды. Осыған байланысты Ақмола облысында сүт зауыттарының, ет комбинаттары мен кілегей зауыттарының қуаттылығын арттыру қажет, сүтті терең өңдеуді субсидиялауға облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Субсидияға деген көзқарасты өзгерту керек, бұл кәсіпкерлер ойлағандай тегін көмек емес, еңбек өнімділігін арттырудың және бизнесті ынталандырудың көмекші тетігі.
Ауданның жоспарында 9,8 миллиард теңгенің игі жобалары бар: көппәтерлі тұрғын үйлер, қонақ үй, кондитерлік цех, астық қоймалары, тауарлы-сүт фермасы, элеватор салу. Бірақ түпкілікті нәтиже туралы айтатын болсақ, онда таңғаларлық ештеңе жоқ – 15 жаңа тұрақты жұмыс орны және 9,1 миллион теңгебюджет кірістерін ғана айтуға болады.
– Атбасар ауданында барлық мүмкіндік бар инвестиция тарту үшін өңірде логистиканы дамытуға қосымша мүмкіндік беретін үлкен теміржол торабы бар, – деді Марат Ахметжанов. – Нақты жұмыс орындарын және салық шегерімдерін қамтамасыз ететін дайын өнім өндіруге бағытталған жаңа жобаларды тартып және аудан бюджетін толықтыру қажет. Немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге қалай көмектесуге болатынын ойластыру керек.
Отырыс барысында өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру бойынша жұмыстың әлсіздігі, мемлекеттік қолдау алған жобалар санының төмендеу үрдісі (биыл шағын және орта бизнесті дамыту аясында тек 14 жоба), сондай-ақ, мал шаруашылығын дамытудың жеткіліксіз деңгейі атап өтілді.
Есеп беру кездесуінің соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Марат Ахметжанов орталық қазандықты жәнеҚұрманов көшесі бойындағы тас жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен де танысып, Әуезов көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындарымен кездесті.
Сараптама бойынша 1957 жылы салынған панельді үйқауіпті деп танылды. Заң бойынша 24 отбасы түгелдей қоныстануы керек. Бірақ, белгілі болғандай, заң тұрғысынан алғанда бәрі оңай емес. Жақында біреу басқа жердегі пәтерін сатып, ол айналғанда иесі бар біреудің жеке үйі (тұруға жарамсыз үй болса да) болып шыққан жағдайларанықталған.
–Жалғыз баспанасы бар отбасылар үшін жақын арада салынып жатқан үйлерден жалға берілетін пәтерлер береміз,–деп түсіндірді облыс әкімі. – Егер тізімде басқа баспана болса, бұл бөлек жағдай. Барлық даулы мәселелер бойынша құқықтық аспектілерді зерттеп, шешім қабылдаймыз. Ешкім назардан тыс қалмайды,–деп сендірді облыс әкімі.
***
ЖАҚСЫ ауданындағы «Запорожье Агро» серіктестігі көрсетті. Кәсіпорын есебінен Запорожье селосында дәрігерлік амбулатория салынып, жұмысты аяқтау үшін емдеу мекемесіне көпфункционалды жедел жәрдем көлігі сыйға берілді.
Өңір басшысы есеп беру жиынында сөйлеген сөзінде әлеуметтік-экономикалық дамудың драйвері бола алатын салаларды екпін түсіре айтып, осал тұстары мен кемшіліктеріне де тоқталды. Жақсы ауданыөсімдік шаруашылығы бойынша алдыңғы қатарда саналады.
– Бұл жерде ең сапалы астық өндіріледі, бірақ, жергілікті билік біржақты дамудың заман шындығына сай келмейтінін түсінуі керек, – деді Марат Мұратұлы Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадралинаға. – Қозғалыс көп векторлы болуы керек, ауданда бұл жағынан әлеует бар. Мемлекет басшысы инвестиция тартуды ұдайы назарда ұстайды.Өйткені, бұл – жаңа жұмыс орындары, бюджет кірісінің ұлғаюы, бұл өңірлерге әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді өз бетімен шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бірақ, бізге қағаздағы әдемі есептер қажет емес, тек соңғы нәтиже ғана маңызды.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жақсы жолға қойылғанымен, 70 пайыздық үлес, әрине, әлі алыс екені айтылды.
Қазіргі жағдайды талдау нәтижесі көрсеткендей, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мүмкіндігінше пайдаланылмай отырғаны байқалады. Биыл шағын және орта бизнес секторында қолдау тапқан екі жоба бар. Оның басты себебі – халықтың ағымдағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығының төмендігі.
Ал, егін шаруашылығын әртараптандыру жағынан Жақсы ауданы тәуір. Диқандар мономәдениеттен бас тартуға асықпайды және рентабельділігі жоғары майлы дақылдарды егуге құлықсыз – егіс жоспары 16,1 мың гектар болса, іс жүзінде тек 3 мың гектарға ғана майлы дақылдар егілген.
Мал шаруашылығындағы етті және сүтті бағыттарында жақсы нәтиже бар. «Новокиенка» ЖШС бір уақытта 3000 бас малды асырай алады ірі бордақылау алаңы бар кәсіпорын. Бірден-бір ірі сүт өндіруші кәсіпорын – «Белағаш» серіктестігі. Мұнда жоғары сапалы консервілер мен сүт өнімдерін шығаратын сүт және ет цехтары бар. Өнімдерді өңдеуге арналған шикізатты «ТНК агрофирмалары» компаниялар тобына кіретін шаруа қожалықтары жеткізеді. Алайда, өңдеуші кәсіпорындарды пайдалану көрсеткіші елу пайызға жетпейді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау туралы айта келе, Марат Ахметжанов «Кең дала» бағдарламасының шарттарына енгізілген өзгерістерді еске салды. Бұрын несиелер жылдық 22 пайызбен, 6 пайызға дейін субсидияланып берілетін. Енді субсидия алуға өтініш бермей-ақ, жылдық 5 пайызбен ақша беріледі. Бұл бәрі емес –өтінімдерді қараудың ең аз мерзімімен «Даму» Қоры арқылы 85 пайызға дейін несиені сақтандыру қамтамасыз етіледі.
Экономиканың қай саласында болмасын өзекті мәселелердің бірі – кадр мәселесі қозғалды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі мамандардың тапшылығы іс жүзінде азаймай отыр. Ауылдан жыл сайын жастардың кетуіне байланысты негізгі жұмысты зейнеткерлер атқарады.
–Биыл сұранысқа ие мамандарды даярлауға жеке шәкіртақы бөлінді, –деді облыс әкімі. – Меншік нысанына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын студенттерге, интерндерге және резиденттерге тағайындалады. Шәкіртақы мөлшері 250 мыңнан 1,1 миллион теңгеге дейін. Мен жастарға: оқуға түсіңдер, оқыңдар, жаңа белестерді игеріңдер және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс және баспанамен қамтамасыз етілетін ауылдарға оралыңдар деймін, – деп нақтылады сөзін өңір басшысы.
Атап айтар болсақ, 2023 жылы Жақсы ауданында 15,5 миллион теңгеге 3 бюджеттік несие берілген. Оның екеуі білім беру саласының маманы болса, біреуі денсаулық сақтау саласы маманына берілген. Сондай-ақ, 30 мұғалім мен дәрігерге көтерме жәрдемақы төленді.
Жақсының тұрғындары тұрғын үй құрылысындағы оңнәтижелермен мақтана алмайды. Соңғы үш жылда жалға берілетін 18 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілген. Өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан төрт отбасына баспана сатып алынды.
Марат Ахметжанов көп жылдық құрылыс «мәртебесін» алған 27 пәтерлік үйдің құрылысын еске салды. Маусым айының соңында құрылысты аяқтауға ақша бөлінді.
Әрине, түзету болды. Осыған дейін сметалық құны 294,9 миллион теңге болса, одан кейін 457,7 миллион теңгеге дейін өскен.
Аудан аумағынан ішкі және транзиттік жүктердің көлеміне қарай «Екатеринбург-Алматы» халықаралық автокөлік дәлізі және облыстық «Жақсы-Державинск» автожолы өтеді.
Биыл 10 жол жөндеу жобасына 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жақсы, Қима, Есіл, Терісаққан, Подгорное және басқа ауылдарда жол жөндеу жұмыстары жалғасады…
Есептік кездесу соңында Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Ренат ШАҒАЛАЕВ,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.
Атбасар, Жақсы аудандары.